
03 Қыркүйек, 2020
1330
Қарағандыда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесі талқыланды
Қарағандыда AntikorLIVE жобасы аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Асхат Оразханның төрағалығымен Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа кезеңдегі Қазақстан: іс-қимыл уақыты» атты Жолдауын талқылауға арналған кездесу өтті.
Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері қатысқан іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және қоғамда парасаттылық қағидаттарын насихаттау мәселелері бойынша басты тармақтар талқыланды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бірнеше жылдан бері жүргізіліп келе жатқаны белгілі. Осы уақыт ішінде заңдар, мемлекеттік бағдарламалар қабылданды, құқық қорғау жүйесінің реформалары жүзеге асырылды. Сыбайлас жемқорлық экономиканың дамуы мен жаңғыртылуын тежейді, ең бастысы қоғамдағы қауіпті тудырады – адамдардың заң үстемдігі мен әділеттілікке деген сенімі жоғалады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес құқық қорғау жүйесі үшін ғана емес, бүкіл қоғам үшін де міндет болып табылады. Себебі, кері байланыссыз осы салада қандай да бір жетістіктер мүмкін емес. Өздеріңіз білетіндей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту Мемлекет басшысы Жолдауының басты бағыттарының бірі болып табылады",- деді А. Оразхан. Сондай-ақ, Президенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларының маңызды бастамаларына қысқаша тоқталып өтті.
Одан әрі қатысушылар алдағы осы бағыттағы нәтижелі жұмыс туралы өз ойларымен бөлісті. Кездесуге қатысушылар білім және ғылым жүйесін дамыту, отбасылық-демографиялық жағдайды жақсарту, ШОБ қолдау, экологияны жақсарту, тұрғын үй саясатын іске асыру бойынша бағдарлар мен қойылған міндеттерді егжей-тегжейлі талқылады.
Жыл сайынғы Жолдауларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларына әрқашан ерекше мән беріледі. Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының Ғылыми-сараптама тобының жетекшісі, Қарағанды еврей этномәдени бірлестігінің төрағасы Вилен Молотов-Лучанскийдің сөзі бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды бағдарламадан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті күшейту мәселелерін көтеріп келеді. Сыбайлас жемқорлық әлі де өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Сондай-ақ, Вилен Борисович Президенттің қоғамдық бақылау институтын күшейту жөніндегі алға қойған міндеттерінің маңыздылығын атап өтті.
Қарағанды медицина университетінің комплаенс-офицері, «Дакия» Румын мәдени қоғамы» бірлестігі жастар қанатының жетекшісі Александр Урмашов өз сөзінде талантты және дарынды тұлғаларды, әсіресе жастар арасында қолдау бойынша жаңа идеяларды қолдайтындығын айтты.
Іс-шара соңында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Бекзат Алтынбеков аталған бағыттардың орындалуы халықтың игілігіне әкелетінін атап өтіп, барлық әріптестерін Жолдаудың негізгі ережелерін іске асыруға белсенді қатысуға шақырды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Қарағанды облысы
-
Қарағанды медициналық университетінде алғашқы Студенттік Ассамблеяның ресми ашылуы өтті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Қарағанды облысы
-
Қарағанды медициналық университетінде алғашқы Студенттік Ассамблеяның ресми ашылуы өтті