
13 Қазан, 2021
692
Қарағандыда журналистерге арналған «Шаңырақ» конкурсы өз мәресіне жетті
Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы қолдауымен журналистерге арналған «Шаңырақ» конкурсы өз мәресіне жетті.
Қазақстан халқы Ассамблеясы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен дүниеге келген теңдесі жоқ ұйым. Болашағы біртұтас елдің ғажайып моделі! Сондықтан да Ассамблея елдік мәні бар іс-шаралардың әрдайым көш басында келеді.
Ассамблея этножурналистика саласында жыл сайын ұйымдастырып келе жатқан «Шаңырақ» шығармашылық конкурсы уақыт өткен сайын қанатын кеңге жайып, мазмұны байып, қатысушылары көбейіп келе жатыр. Аталмыш байқау еліміздің ширек ғасырлық шежіресін құрайтын жайларды, соның ішінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті, біртұтас Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрлерінің озық үлгілерін, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуді насихаттап жүрген журналистер қауымының үздік жарияланымдарын марапаттап, белсенді журналистерді ынталандыруды көздейді.
Биыл бұл конкурсқа облыс бойынша 20-ға жуық үміткер өтінім жіберді. Халықаралық деңгейдегі журналист Сағат Батырханова, публицист, ардагер журналист Екатерина Кузнецова, ҚХА мүшесі, Қазақстан Республикасындағы Литва Республикасының Құрметті консулы, «Lituanica» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Виталий Тварионас, ҚР Журналистер одағының облыстық филиалының төрағасы Жәнібек Садыханов және ҚР Жазушылар одағының облыстық филиалының төрағасы Жанат Жаңқашұлы қазылық еткен байқау келесі номинациялар бойынша лайықты жеңімпаздарды анықтады.
Жеңіске жеткендер:
-Үздік талдамалық газет мақаласы - Айтбала Сүлейменқызы;
- Үздік телебағдарлама (сюжет, деректі фильм, бағдарлама) - Виталий Несипбаев;
- Ақпараттық порталдағы үздік жарияланым - Лайф 09;
- Қоғамдағы келісім мен тұрақтылық - Наталья Фомина;
- Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру және қолданылыс аясын кеңейту - Райхан Сайранбек;
- «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бағыттарын дәріптеу – Бақытгүл Матуова;
- ҚХА «Қазақтану» жобасын насихаттау, қазақ халқының ұлттық құндылықтарын, мәдениетін, тарихын этнос өкілдері арасында кеңінен таныту – Жанбота Рахметолла;
- Қайырымдылық тақырыбындағы үздік материал – Людмила Батюшкина;
- Медиация-бітімгершілік негізі – Айдар Дәуренұлы;
- Алаш арыстарының есімін ұлағаттау - Жәлел Шалқар.
Бұған қоса әлеуметтік желілердегі үздік жазбалар үшін Вилен Молотов-Лучанский, Александр Урмашов, Оксана Жук ЭтноБАҚ номинациясын иеленді.
Байқаудың бас жүлдесін «Ұлытау» аудандық газеті қанжығалады.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті