10 Қыркүйек, 2020
726
Қарағандылық ҚХА көшпелі кездесулер ұйымдастырды
Қарағанды облыстық ҚХА Сәтбаев, Жезқазған қалалары мен Ұлытау ауданында көшпелі кездесулер өткізілді. Кездесуде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтары,
Жолдауды іске асыру тұрғысында Ассамблея мен этномәдени бірлестіктердің алдында тұрған міндеттер талқыланды. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығын дамыту мен ҚХА Қоғамдық келісім, Аналар кеңестерінің және медиаторлардың биылғы жылғы жұмыс жоспарын іске асыру бойынша атқарылған қорытындысы ортаға салынды.
Төтенше жағдай кезінде өткен қайырымдылық акциялары да атап өтіліп, әйелдердің, балалардың денсаулығы мен өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері көтерілді. Жезді қаладағы басқосу Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, жазушы, ақын, қоғам қайраткері Зинаида Чумакованы еске алумен басталды.
Одан әрі күн тәртібі бойынша Жезқазған қаласындағы мектептердің оқу жылына дайындығы туралы, агроөнеркәсіптік кешеннің бүгінгі дамуы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша атқарылып жатқан жұмыс барысы айтылды.
«Барлық азаматтық қоғам институттары, ҮЕҰ, ҚХА өкілдері Жолдау мақсаттарына қол жеткізуге белсенді қатысуы керек. Осындай жауапты сәтте біздің еліміздегі бірлік пен келісімді нығайтудағы жауапкершілік барлығымыздың мойнымызда. Бұл тұрғыда Аналар кеңеснің атқаратын рөлі өте маңызды. Себебі, Аналар кеңесі отбасындағы рухани-адамгершілік тәрбиеге байланысты проблемалық мәселелерді зерделейді. Ал, Отан отбасынан басталады», - дейді облыстық Аналар кеңесінің өкілі, көпбалалы ана Бақытты Қанапинова.
Кездесу барысында Қоғамдық келісім кеңесінің әдістемелік ұсыныстар жинақтамасы таратылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
26 Тамыз, 17:00
«Мектепке жол»: мың баланың қуанышы
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды