
06 Маусым, 2016
1130
Қарағандылықтар Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін атап өтті
Қазақстанда жыл сайын 31 мамыр күні Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні атап өтіледі. Репрессия жылдары қазақ жеріне 5 миллионнан астам адам жер аударылған болатын.
Бұл күні барлық азаматтар солақай саясаттың құрбаны болған туған туыстарын, туған жерлерінен қуылған бауырларын, жазықсыз сотталған жандарды, аштық пен әділетсіздікке ұшыраған бейбіт тұрғындарды еске алуға жиналады.
Спасск мемориалында Қарағанды облысы әкімі Н.Әбдібеков, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Е.Тоғжанов, облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелерінің, ғалымдар мен жастар ұйымдарының қатысуымен митинг-реквием өтті.
Күнтізбедегі бұл күн - қазақстандықтар үшін қаралы дата. Сталиндік репрессия, ашаршылық пен депортация жылдары құрбан болған азаматтарды еске алатын ең ауыр күн.
Өткен ғасырдың 30 жылдары қазақ даласы қайғы-қасірет пен күйінішке толы болды. Ел аумағында ГУЛАГ лагерьлері: Степлаг, Карлаг, АЛЖИР пайда болып, Кеңес үкіметі территориясынан 5 миллиондай адам қуылды. Спасск мемориалды кешені репрессияға ұшыраған мыңдаған азаматтардың жерленген жеріне айналды.
Қарағанды облысының әкімі Н.Әбдібеков өз сөзінде: - Бүгін, осы киелі жерге, тоталитарлық жүйенің құрбаны болған адамдарды еске алу үшін жиналдық. Жаппай саяси қудалау – тарих беттеріне өшпес қаралы таңба салды. Бұл үрдіс миллиондаған адам тағдырына тақсірет алып келді. Зұлмат жылдар қазақ ұлтына бұрын-соңды қайталанбаған демографиялық соққы болды. Алты миллион тұрғынның 2 миллионнан астамы ашаршылықтан қырылды. 600 мың қазақ аштық пен аурудан қашып, туған отанын тастап кетуге мәжбүр болды. Репрессия қазақ зиялылары мен мемлекет қайраткерлерін, ел жанашырларын жойып жіберді. Оның ішінде біздің жерлестеріміз – Әлихан Бөкейхан, Сәкен Сейфуллин, Абдолла Асылбеков, Жанайдар Сәдуақасов бар еді, – деп айтып өтті.
Қазіргі таңда шет ел асқан 4,5 миллионнан астам қазақтың тағдыры – қатігез саясаттың салдары.
- 1933-1937 жылдар аралығында жаппай жазалау және лагерьлер жүйесінде 9 мыңнан астам қылмыстық іс қаралып, 22 933 адам сотталды. Оның 3 500-і ату жазасына кесілді. Бүкіл зиялы қауым – 670 адам – қуғынға ұшырады, - деп бастады өз сөзін Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Е.Тоғжанов. – 1937 мен 1944 жылдары Қазақстанға 62 халықтың өкілдері жер аударылды. Бірақ, біз қуғынға ұшыраған жандардың қайғысын бөлісе білдік. Тарих тауқыметіне бірге көндік. Зұлмат заманның зардабына шыдап, бірлікке, ұйымшылдыққа ұмтылған полиэтникалық мемлекетті мықты стратегиялық ресурсқа айналдырып, әлем қауымдастығы алдында татулық пен келісімнің үлгісі болдық, - деп баса айтты Е.Тоғжанов.
Спасск мемориалды кешенінде түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің ескерткіші ретінде 20 нысан құрылған. Митинг-реквиемнің соңында қуғын-сүргін жылдарының құрбаны болған тағы бір халық – қарашай және балқарлардың жаңа мемориалды белгісі орнатылды. Қуғын-сүргін жылдары жалпы саны 106 980 қарашай және балқар өкілдері Қазақстанға күштеп қоныстандырылған. Олардың 52% - балалар, 30% - әйелдер, 18% - қарттар мен мүгедектер болатын.
- Ара қашықтығы 5 мың километрді құрайтын Кавказдан Қазақстан жеріне адамдарды эшелонға күштеп тиеп жеткізді. Адам төзгісіз жағдайдан көбісі межелі жерге жетпей о дүниелік болды. Қайтыс болған жандарды жер қойнауына тапсыруға мұрсат берілмей, халықтың көзі жасы көл болды, - дейді қарашай-балқар мәдени орталығының құрметті төрайымы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты Людмила Хочиева. – Бүгінгі күні, адамзаттың тағдыры көк тиынға тұрмайтын заманда, қазақтар қайтқан жандардың қабірін сақтап калды. Кімдер үшін сақтады? Не үшін қорғап қалды? Міне, қазақ халқының болмысының айқын айнасы осы! – деп аяқтады сөзін Л.Хочиева.
Қазақ халқы шешен-ингуш халқын, кәріс, поляк, неміс және көптеген өзге халық өкілдерін өзім деп қабылдады, қиын-қыстау кезде қолдау көрсетіп, қорған бола білді.
Қарағанды облысы әкімі аппаратының
"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі
тел., WhatsApp: +77024190203
e-mail: info@kelisim.kz
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті