18 Сәуір, 2019
1543
Қарағандының «Мугунхва» ансамблі Оңтүстік Кореядағы халықаралық фестивальдан оралды
9-15 сәуір аралығында Корея Республикасының Кенгидо провинциясында әлемнің түкпір-түкпірінде тұратын кәріс этностарының өкілдерінің басын қосқан кезекті «Ұлы саяхат» халықаралық фестивалі өтті.
Бір аптаға созылған әлемдік деңгейдегі аталмыш өнер додасына Жапония мен Қазақстаннын басқа Ресей, Қырғызстан мен Өзбекстанның кәсіби ұжымдары қатысқан екен.
Қазақстан Республикасы атынан Түркістан облысының кәріс этномәдени орталығының би ансамблі мен Қарағанды облысы кәрістері этномәдени бірлестігінің «Мугунхва» шығармашылық ұжымы қатысып, ел намысын қорғап қайтты.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған мәдени шарадан үлкен әсер алып елге оралған ұжыммен Қарағандының Достық үйінде кездесу өтті.
Қатысушылар фестивальдегі көрсеткен өнерлерін, Корея сапары жайлы айтып, Кенгидо провинциясындағы болған қызықтары мен алған әсерлерімен бөлісті.
Шығармашылық ұжым соқпалы аспаптарымен ұлттық әуендерін әуелетіп, әсем әнімен, әдемі биімен фестиваль қазыларының жоғары бағасына ие болды.
Сапар барысында қатысушылар сонымен бірге Оңтүстік Корей Президентінің «Көк резиденциясы» мен Сеул қаласының оңтүстік жағалауындағы ұзындығы 555 метрлік «Lotte World Tower» мұнарасын аралып қайтқан.
1989 жылдың қыркүйегінде құрылған Қазақстан кәрістері Ассоциациясының Қарағанды филиалы облыстық этномәдени бірлестіктер арасында әрқашан белсенділігімен, бірлігімен ерекшеленеді: бірлестік беделін сақтау, ана тілі мен мәдениетіне баулу, үлкендерге ұлағат көрсететін өскелең ұрпақ тәрбиелеу істерін жақсы жолға қойған.
Аталмыш орталық республика, облыс және қала көлемінде өтетін шаралардың белсенді қатысушылары, қоғамда өзгерістердің өзекті мәселелерін талқылауға да жан-жақты атсалысып отырады.
Бірлестік жанындағы «Мугунхва» ансамблі 2003 жылы «халықтық» деген атаққа ие болып, әр бес жыл сайын сол жоғары атақты қорғап отырады. Бірлестік жанында сонымен қатар ардагерлер хоры да бар.
Осы орайда Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қарағанды облыстық кәріс этномәдени бірлестігінің жетекшісі, «Достық» орденінің II дәрежелі иегері Лилия Ким ансамбльдің көркемдік жетекшілер Алла Ха мен Нина Цойдың еңбегін ерекше атап өтті.
Бір қызығы ұжымда тек кәрістер емес, қазақ және орыс ұлтының қыз-жігіттері де өнер көрсетеді.
Нұргүл Шатекова
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайынахабарласыңыз.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
-
Алматыда ҚХА 30 жылдығына және Ш. Айтматовтың 97 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық конференция өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Студенттік Ассамблеялардың I республикалық форумында жастардың басын қосты
-
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының Шығармашылық ұжымдары қауымдастығының Арт форумы өтті
-
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойлық жылының қорытындыларына арналған Республикалық форум өтті
-
Қарағандыда «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» облыстық форумы өтті
вчера, 17:40
Астанада ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысы өтті
5 Ақпан, 17:24
Астанада ҚХА Аналар кеңесінің жаңа Конституция жобасына арналған республикалық дөңгелек үстелі өтті
4 Ақпан, 18:08
Астана қаласындағы Достық үйінде этномәдени бірлестіктер активімен Конституциялық реформаны талқылауға арналған кездесу өтті
4 Ақпан, 17:58
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Астана қаласындағы корей этномәдени бірлестігінің төрағасы Евгений Цоймен кездесті
4 Ақпан, 16:03
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов ҚХА «Шаңырақ» кафедралары қауымдастығымен және ҚХА кафедрасының өкілдерімен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
-
Алматыда ҚХА 30 жылдығына және Ш. Айтматовтың 97 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық конференция өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Студенттік Ассамблеялардың I республикалық форумында жастардың басын қосты
-
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының Шығармашылық ұжымдары қауымдастығының Арт форумы өтті
-
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойлық жылының қорытындыларына арналған Республикалық форум өтті
-
Қарағандыда «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» облыстық форумы өтті





