04 Наурыз, 2022
1001
Қарашоқы орта мектебінде Аналар кеңесі мүшелерімен жылы жүздесу болды
Кербұлақ ауданы, Қарашоқы ауылдық округінде Алғыс айту күні және халықаралық әйелдер мерекесіне орай Қарашоқы орта мектебінде Аналар кеңесінің шарасы өтті.
Алматы олыстық Аналар кеңесінің төрағасы Н.Баймадиева, «Қоғамдық келісім» КММ Әлеуметтік бастамалар мен медиацияны қолдау қызметінің жетекшісі Ж.Башенова, Кербұлақ аудандық Аналар кеңесінің төрағасы Ғ.Ақбасова, мектеп директоры, Қарашоқы ауылдық округі Аналар кеңесінің төрайымы К.Бұқабаева отбасы институын дамыту, жеткіншектерге отаншылдық тәрбие беруде Аналар кеңесінің жұмысына тоқталып, жаңа Қазақстан құруда жастарға үлкен сенім артылып отырғандығы жайлы айтты.
Жастарды үлкенге ізет, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарымызды бойларына сіңіру мақсатында, оқушылардың арасында «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» байқауы өтті.
Жоғары сынып оқушыларынан 7 жұп қатысып, Таныстыру - «Біз қазақтың жастары», «Бәйге» - салт-дәстүр, әдет-ғұрып, жөн-жоралғы, батырлар жыры, махаббат дастандары жөнінде сұрақтарға жауап беру, «Өнерлі өрге жүзер» - өз өнерін көрсету, «Халқын сүйген - салтын сүйер» үй тапсырмасы, «Талапты ерге нұр жауар» ер балаларға таспа тілу, қамшы өру, «Жас аспаз» - қыздарға қамыр жаю, «Мақал-мәтел» жарыстары бойынша жан-жақтылықтарын көрсетіп, соңынан мектеп ұжымының концертімен қорытындыланды.
Шара барысында оқушылар өздерінің жасаған қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Этнографиялық көрме: ортақ мұра – ортақ құндылық