Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Тамыз, 2015

2345

Ардагерлер ерлігі ел есінде!

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығына және Ұлы Жеңістің 70-жылдығына орай «Асар» республикалық әлеуметтік ынтымақтастық акциясы шеңберінде Қостанайлық ҰОС ардагерлері және тыл еңбекшілеріне 20 тонометрді сыйға тартты. 

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығына және Ұлы Жеңістің 70-жылдығына орай «Асар» республикалық әлеуметтік ынтымақтастық акциясы шеңберінде Қостанайлық ҰОС ардагерлері және тыл еңбекшілеріне 20 тонометрді сыйға тартты. Аталмыш акцияға облыстық ҚХА мүшелері, облыстық ҚХА жастар қанаты, этномәдени бірлектіктердің мүшелері, жастар қауымы мен БАҚ қатысты. Іс-шараны ұйымдастыруға үлкен көмек көрсеткендердің қатарында «Вайнах» шешен-ұнғыш этномәдени бірлестігі және «Асаба» қырғыз этномәдени бірлестігі. Облыстық ҚХА жастар қанаты ардагерлерге танометрлермен қоса «Баян-Сұлу» кондитерлік фабрикасының кәмпиттерін сыйлады.

Акция барысында ардагерлер жастар қауымына бастарынан кешкен оқиғаларын айтты. Абзал жандардың қатарында ҚХА өкілі, бірінші Ұлы Отан соғысының ардагері Григорий Трелецкий. Келесі жылы Григорий Нифонтов 90 жасқа толады. Өз сөзінде Григорий Трелецкий Қазақстанда туғанын, осы жерден майданға аттанып, отбасын құрғанын айтты. Бүгінде ел есінде қалған ерліктер ұмытылмай, жылдан-жылға  ұрпаққа беріліп отырған естеліктер ардагерді қуантатыны сөзсіз.

Іс-шараға қатысқандардың қатарында жасы 113-ке келген тыл ардагері Марпуга Селтеткенова.Ол –12 бала тәрбиелеп, 30 немере, шөбере сүйген ақ жаулықты ана. Марпуга Селтеткенова акция қатысушыларға үлкен алғысын білдіріп, жастар қауымына өз батасын берді.

Аталмыш іс-шараның ұйымдастырушылары облыстық ҚХА жастар қанатының мүшелері осындай қайырымдылық акциялар келекшекте де жалғасын тауып, ауқымын үлкейтеді деп уәде берді.

«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі

 

Кейін қарай