Қазақстан халқы Ассамблеясы

03 Тамыз, 2015

3886

«Армандаған мамандық»

Ағымдағы жылдың тамыз айының  3 күні Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Жас ұлан» қоғамдық бірлестігімен бірге еңбеккерлер әулеттері арасында өтетін «Армандаған мамандық» атты конкурстың тұсаукесер рәсімін өткізді. Конкурстың басты мақсаты – жастардың бойына еңбексүйгіштік қасиетті дарытып, еңбекке баулу және еңбек адамының мәртебесін көтеру жолындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру. Конкурс тұсаукесері барысында «Жас ұлан» қоғамдық бірлестігінің директоры Кенжегүл Тайғара облыстық деңгейдегі байқауға қандай адамдар өтінім бере алатынына, сайыс неше кезеңнен тұратынына және конкурстың қорытындысы қай кезде шығатынына нақтырақ тоқталды.                    

Шара барысында сөз алған ҚХА хатшылығының меңгерушісі Г.Исмурзина конкурстың маңыздылығын, оған жастардың қатысуына ықпал етулерін сұрап, конкурс туралы қосымша мәлімет берді. Сонымен қатар «Қоғамдық келісім»  КММ басшысы А. Жайылханова өз сөз кезегінде аталмыш жобаның маңызына тоқтала отыра, өңірімізде жарияланған бірнеше әлеуметік маңызы бар конкурстар туралы айтып өтті.

Жиын аясында жұртшылық назарына конкурс жайында видеофильм мен слайд ұсынылды. Сонымен қатар «Жас Ұлан» қоғамдық бірлестігінің директоры К.Тайғара аталмыш конкурс туралы мәліметті облысымыздың аудан қалаларына соның ішінде Жаңаөзен қаласы мен Маңғыстау ауданының жастарына барып түсіндіруді, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің бес институционалдық реформасын іске асыру аясындағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын насихаттау жөнінде дөңгелек үстелдер өткізу туралы ұсыныс берді. Тұсау кесер рәсіміне ҚХА хатшылығы, «Қоғамдық келісім» КММ басшысымен қызметкерлері, мемелекеттік мекеме басшылары мен өкілдері, этномәдени бірлестік төрағалары және «Жас Ұлан» қоғамдық бірлестік қызметкерлері қатысты. Сонымен қатар шара барысында конкурс туралы толық мағлұматтары бар арнайы жасақталған ақпараттық материалдар таратылды.

Шара соңы өзара пікір алмасумен аяқталды. 

Кейін қарай