Қазақстан халқы Ассамблеясы

06 Шілде, 2015

2510

Армян мәдениеті фестивалі

Армян мәдениеті де армян елі секілді  ғасырлар қойнауынан бастау алады. Армян жерінің дарынды адамдары өз ұрпақтарына орасан зор мәдени мұра қалдырып, бұрынғысынша өнер туындыларын жасап келеді. 

Армян мәдениеті де армян елі секілді  ғасырлар қойнауынан бастау алады. Армян жерінің дарынды адамдары өз ұрпақтарына орасан зор мәдени мұра қалдырып, бұрынғысынша өнер туындыларын жасап келеді.

1997 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы құрамында «Кентрон» армян мәдениеті орталығы жұмыс істеп келеді. Оның қалыптасуы басында болғандар Малхасян Геворг, Аракелов Роман, Геворкян Геворг, Григорян Грахат, Мартиросян Бабкен, Геворкян Вруйр, Багдасарян Гор, Кинасов Рубен және басқалар. 17 жыл бойы төрағалық қызмет атқарған Аракелов Роман Рубенович этностың дамуына зор үлес қосып, түрлі еліміздің әр түрлі алаңдарында өткен іс-шараларда  Петропавл қаласын таныта білді.  2014 жылы төрағалықты оның орынбасары Геворкян Геворг Варданович қабылдап алды.

Орталық қызметінің негізгі мақсаты солтүстік қазақстандықтарды армян этносының тарихымен таныстыру, мәдениетіне, салт-дәстүріне, өнеріне ортақтастыру және  Қазақстан мен армян  мемлекеттері арасында мәдени байланыстарды дамытуды қоса алғанда Қазақстан халқы этностарының мәдениетін жан-жақты көркейтуге ықпал ету болып табылады.

Армян орталығының дамуына Светлана Малхасян мен Ануш Цуцулян үлкен үлес қосып жүр. Олар өздерінің тарихи отандары мен Қазақстан Республикасына деген зор сүйіспеншіліктерін, ерекше мәнді патриоттық сезімдерін жарқын идеяларды жүзеге асыру арқылы көрсетіп, нәтижесі көңілді де сауықты іс-шаралар болып көрініс тауып келеді.

8 маусым күні Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын мерекелеу аясында Астана қаласының 17 жылдығына арналған армян мәдениеті фестивалі өткізілді.

Аталған фестивальдің өткізілу мақсаты – тіл, мәдениет, дәстүр және ғұрыптар арқылы этностың бірігуі мен нығаюы, жастарды армян этносының тұрмыстық және шығармашылық өміріне тарту.

Іс-шара басталар алдында барлық қатысушылар мен көрермендерді облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі м.а. Раушан Исмаилова құттықтады. Өз құттықтау сөзінде Раушан Ермекқызы армян мәдени орталығы қызметінің қоғам үшін оң резонансын және оның барлық мүшелерінің белсенді жұмысын былайша атап өтті:

«Кентрон» армян мәдени орталығы құрылған кезден бастап этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынасты нығайтуға, өскелең ұрпақты жоғары рухани және адамгершілік мінезге тәрбиелеуге, сондай-ақ, армян этносының ана тілін, мәдениетін және дәстүр-салтын сақтау мен насихаттауға баса назар аударады».

Осы күні сахна төрінде түрлі жас аралығындағы балалар өнер көрсетті: әндер шырқалды, би биленді, шығармашылық этюдтер орындалып, саз аспаптарында ойнады. Әр баланың бірегей қабілеті бар. Оны дамытуға орталық мүшелері Светлана Малхасян, Ануш Цуцулян, хореограф Лилит Агаджанян ықпалын тигізеді.

Алғашқы нөмірде баршаны баурап алған «Армения» әнін отбасылық дуэт Аида мен  Мери Мхояндар шырқады, содан соң Тигран Петросян мен Ангелина Аракелова армян биін орындап берді. Гимнастикалық нөмірімен Элен Адамян көрермендерін тәнті етті.

Карина Сафарян армян, қазақ билерін орындады. Сондай-ақ, көрермендер  Давид Саркисян, Элла Аршакян, Ани Мартиросян, Лилит Агаджаняндардың өнерлерін тамашалады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығымен қатар 2015 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу мерейтойы аталып өтілуде. Осы оқиғаға орай «Синий платочек» әні, соғыс туралы «Мы легли у разбитой ели…» жыры, аталар туралы ән шырқалды.

Армян мәдени фестивалінің айрықша белгісі көрермендер қатарында ересектермен қатар балалардың болуы, олар кішкентай кезінен өз этносының мәдениетіне атсалысып, дәстүрлерін, тілін, билерін және вокалдық өнерлерін үйренеді.

Іс-шараның соңында «Кентрон» армян мәдени орталығының төрағасы Геворкян Геворг Варданович сөз сөйледі. Ол әртістерді және фестиваль қатысушыларын, барлық көрермендерді Қазақстан Республикасының астанасы күнімен құттықтады. Баршаға бейбітшілік пен ізгілік, түсіністік, бақытты өмір және мықты денсаулық тіледі. Осыдан кейін фестивальге қатысушыларды салтанатты түрде марапаттау рәсімі басталды. Барлық балалар мадақтамалар, құнды сыйлықтар алды және жұртшылықтың қошеметіне ие болды.

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз хатшысы

Мария Чернышова

 

Кейін қарай