25 Шілде, 2017
897
Армяндар су мерекесін тойлады
Жыл сайын Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен, этностардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін сақтау және насихаттау мақсатында, этномәдени бірлестіктердің мәдени күндері өткізіледі. Осыған орай мәдениет және демалыс саябағында армяндардың «Масис» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Вардавар» мерекесі өтті.
- Армян халқының өкілдерін, барша қала тұрғындарын «Вардавар» мейрамымен құттықтағым келеді. Бұл мереке Арменияда және әлемдегі барлық армян диаспораларында кеңінен тойланады. Ал Орал қаласында екінші рет ұйымдастырылып жатыр. Оған барлық этномәдени орталықтар атсалысуда. Өйткені біз, қазақстандықтар, - бөлінбейтін, татулығы жарасқан, біртұтас халықпыз.
Елбасы саясатының арқасында ұлттық мерекемізді лайықты түрде атап өтудеміз. Бес мың жылдан аса тарихы бар көне су мерекесінің шығу тарихы шаруалардың жаз ортасындағы ыстық келгенде егістікті қолдан суаруымен байланыстырылады. Осы уақытта олар бір біріне су шашып ойнап, жан дүниелерімен шаттана қуанысады, еркін араласады, - дейді «Масис» армян этномәдени орталығының төрағасы Аветик Амирханян.
Вардавар - жаңбыр шақыру немесе су мейрамы десе де болады. Армян ұлтының өкілдері бір-біріне су шашысып, әуенге қосылып, шаттана би биледі. Мерекелік іс-шара соңында достық пен бейбітшіліктің символы ретінде көгершіндер көкке ұшырылды.
Дата события ассамблеи: 26.07.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Көрісу күні - бірлік, достық және құрмет күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры және Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі директорымен кездесу өткізді
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы