Қазақстан халқы Ассамблеясы

17 Ақпан, 2016

2330

Армяндар Терендез мерекесін тойлады !

Өткен демалыста Ақмола облысының армяндары ұлттық Терендез мейрамын атап өтті. «Қоғамдық келісім» мекемесінің қолдауымен «Бари» армян мәдени орталығы ұйымдастырған мерекеге өзге де бірлестік өкілдері қатысып, жылы лебіздерін білдіріп, бауырлас халықты мерекесімен  құттықтады. «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Киіков пен «Ақмола облысының орыстары қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Александр Артеменко қазақ жерінде тұрып жатқан әр ұлттың мерекесі - ол бірлік пен ынтымағы жарасқан біртұтас елдің мерекесі екендігін атап өтті.

Терендез - бұл жыл сайын 13 ақпанда атап өтілетін  армян халқының  ұлттық мейрамы болып есептеледі. Бұл армяндардың ғашық жастарының мерекесі деуге де болады. Бұл күні ғашық жандарға арнап байқаулар ұйымдастырлып, би билеп, ән шырқалады. Шараның ең қызған кезінде ғашық жандар қол ұстасып алаудың үстінен секіреді. Алаудың үстінен секірген кезде қолдары жазылып кетпесе жастардың махаббаты мәңгілік болады деп есептепеген. Бұдан кейін барлығы қол ұстасып, отты айналып, ән айтып көңіл көтерген.

 Достық үйінің жанында тойлаған мерекеде «Бари» мәдени орталығының жастар қанаты жиналған қауымға концерттік бағдарламасын ұсынып, армян тілінде ән айтып, өлең оқыды.

   

«Қоғамдық келісім»

 КММ баспасөз орталығы

Кейін қарай