06 Шілде, 2015
1810
Асқақтай бер, Астана!
6 шілде, дүйсенбі күні бүкіл Алаш жұрты тәуелсіз Қазақстанның елордасы – Астана күнін асқан қуанышпен тойлап өтті. Осындай бір мереке Қарағанды қаласында да жұртшылықтың қатысуымен, бұқаралық серуен ретінде тойланды.
6 шілде, дүйсенбі күні бүкіл Алаш жұрты тәуелсіз Қазақстанның елордасы – Астана күнін асқан қуанышпен тойлап өтті. Осындай бір мереке Қарағанды қаласында да жұртшылықтың қатысуымен, бұқаралық серуен ретінде тойланды. Ерке Есілдің бойында бой тіккен сәнді Астанамызға бүкіл әлем жұртшылығы көз тігіп, таңдай қағып отыр. Астана бүгінде келісім мен бейбітшілік символына айналған. Оның үстіне енді екі жылдан кейін біздің жас елордамыз халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін қабылдайтыны көңілге қуаныш ұялатады. Сарыарқада бой көтеріп, бүкіл қазақстандықтардың көз қуанышына айналған Астана күннен-күнге жайнап келеді. Биыл Астана өзінің 17-ші туған күнін Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы қарсаңында атап өтуде. Ал еліміздің өнеркәсіп орталығы Қарағанды қаласы Астананың сенімді тірегі болып келеді. Сол себепті Қарағанды жұртшылығы Астана күнінін ерекше көңіл күймен атап өтеді.
Қаланың орталық мәдениет және демалыс саябағында өткен мерекеде Қарағанды қаласының әкімі Н.Әубәкіров құттықтау сөз сөйледі.
–Құрметті қала тұрғындары, сіздерді Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын, – деді Нұрлан Ерікбайұлы. – Елорда еліміздің серпінді дамуының кепілі. Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың төл туындысы баршамыздың мақтанышымыз, жарқын болашағымыздың символы. Астананың зәулім ғимараттарын салуда біздің қаламыздың сәулетшілері мен құрылысшыларының еңбегі зор. Олардың әлі де болса Елорданың сәулетіне үлес қоса беретініне сенемін. Астананың іргесі берік, болашағы зор бола берсін, – дей келіп қала басшысы қарағандылықтарды Астана күнімен құттықтап, әр отбасына бақыт пен байлық, шаттық тіледі.
Бұдан кейін Қарағанды қаласының әкімі Н.Әубәкіров елімізде қоғамдық келісімді нығайтып, тұрақтылықты қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін «Қазақстан халқы Ассамблеясына – 20 жыл» медалімен бір топ азаматтарды марапаттады. Олардың қатарында «Ридне слово» украин тілі облыстық серіктестігінің құрметті төрағасы Мирослав Зеленяк, «Вайнах» чешен-ингуш этномәдени бірлестігі ақсақалдар алқасының төрағасы Сулим Исакиев, осы этномәдени бірлестік басқармасының мүшесі Магомед Султыгов, облыстық «Авги» грек этномәдени бірлестігінің құрметті төрағасы Константин Текиниди, облыстық "Вайнах" чешен-ингуш этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Анди Шашаев болды.
Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын тойлауға орай, халық бірлігіне және қазақстандық патриотизмді дамытуға қосқан үлесі үшін бір топ қала тұрғындары Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасымен наградталды. Атап айтқанда, Саран қаласындағы психоневрологиялық медицина-әлеуметтік мекемесінің директоры Тілеуқабыл Елдосқа Құрмет грамотасы, Ассамблеяның алғыс хаты «Волшебная страна» үлгілі хореографиялық ансамбльдің көркемдік жетекшісі Ирина Виземге, «Шолпан» үлгілі хореографиялық ансамблінің жетекшісі Гүлнар Омароваға, облыстық «Индустриальная Караганда» газетінің бөлім меңгерігісі Ольга Моосқа табысталды.
Қалалық «Асқақтай бер, Астана!» мерекелік бағдарламасы одан әрі үлкен концертке ұласты. Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің әншілері және джаз ансамблі өнерлерін көрсетті. Бағдарлама одан әрі жастарға арналған мерекелік ән-би кешіне жалғасты. Күні бойы орталық саябақта бұқаралық серуен жалғасып, қала тұрғындары Астана күнін осылайша көңілді атап өтті.
Қарағанды облысы әкімі аппаратының
"Қоғамдық келісім" КММ
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Астана қаласы
-
Астанада республикалық «Бірлік жүгірісі» өтті
вчера, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
7 Тамыз, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Астана қаласы
-
Астанада республикалық «Бірлік жүгірісі» өтті