17 Ақпан, 2020
1308
Аш отырған кездері әжем су қайнатып ішкізетін: Корейлердің қазақ жеріне коныс аударғандарына - 83 жыл
Аш отыруға тура келген кездері әжесі суды қайнатып, жылылай ішкізетін. Корейлердің қазақ жеріне коныс аударғандарына - 83 жыл. Қызылорда алыстан келген корейлердің екінші Отанына айналды.
Кеңес өкіметінің күштеп қоныс аудару саясатының зардабын тартқан корейлердің арасында сол зұлматты көзбен көргендер сиреп қалды. Валентина Ли Қиыр Шығысты мекендеген мыңдаған қандастарымен бірге Қызылорда облысына келгенде небәрі 5 жаста болатын. Кей суреттер әлі күнге дейін көз алдында.
Әкесі Ли Чан Нен бастауыш сыныптың мұғалімі, шыншыл, адал адам болатын. Әсіресе, балалар қасынан үйіріліп шықпайтын. Күштеп көшірген кезде отбасында 9 адам болды. Ата-анасы, әжесі және 6 баланы жүк көлігімен Уссурийск вокзалына әкелді. Тауар таситын вагондарға бірнеше отбасын орналастырды. Пойыз қозғалып, корейлерді туып-өскен жерден аулаққа қарай ала қашты. Болашақта не болатыны беймәлім, қайда бара жатқандары туралы ештеңе білмейді.
Зерттеулерге қарағанда, Қиыр Шығыс корейлерін депортациялау «өлкеге жапон тыңшыларын өткізбеу мақсатында» жүргізілген. Қиыр Шығыста тұратын корейлер түр-түсі мен келбеті жағынан ұқсастығына байланысты «жапон тыңшылары» деген желеумен жер аударылып, сенімсіз халық деп танылды.
Содан 1937 жылғы қыркүйектің алғашқы күндерінде корейлерді Қазақстанға шұғыл көшіру ісі басталып кетті. Жоспар бойынша шамамен 15 мыңдай корей шаруашылығы көшіп келеді деп күтілді. Бірақ бұл жоспар артығымен орындалып, айналасы бір жарым жылдай уақытта 100 мыңға жуық адам жер аударылды.
Бір айдан соң Ли Чан Неннің отбасы мінген пойыз Қазақстанға, Қазалы станциясына келіп тоқтады. Бұл 1937 жылдың күзі еді. Күн суық, азынаған жел. Үлкендер жағы судың болғанына, егін-теріммен айналысуға мүмкіндік барына шүкір етіп жатты.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті