Қазақстан халқы Ассамблеясы

20 Мамыр, 2016

673

Ашық диктант ұйымшылдықпен өтті

Оңтүстік Қазақстан облысындағы 13 кітапханада «Мәңгілік Ел» патриоттық актісіне арналған жалпықазақстандық ашық диктант өтті. Облыстық Ассамблея хатшылығы мен ОҚО әкімі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырған бұл іс-шараға барлығы 700-ден астам адам қатысты. Олардың арасында облыстық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жастар ұйымының мүшелері, мектеп оқушылары және басқа да ниет білдірушілер болды. Іс-шараның мақсаты - «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін насихаттау арқылы мемлекеттік тілді білуге қызығушылықты арттырып, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту. Жазылған жұмыстар үздік, жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанарлық емес шкаласы бойынша бағаланды. 

Кейін қарай