
14 Қазан, 2016
1848
Ашық-жарқын жандар күні
Жастар саясаты жөніндегі басқарма, Қазақстан халқы Солтүстік Қазақстан облыстық ассамблеясы, «Қоғамдық келісім» КММ жастармен аса қызықты «Ашық-жарқын жандар күні» тақырыбында кездесу өткізді.
Бұл кездесудің басты мақсаты Петропаавл қаласы және Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, соның ішінде «Серпін» бағдарламасы бойынша оқитын студент жастарының этномәдени орталықтарының төрағаларымен және өкілдерімен диалог алаңшасын ұйымдастыру.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл ұранымен өткізілді және жастар арасында отансүйгіштікті нығайтуға, басқа этностар өкілдерін құрметтеуді тәрбиелеуге, табысты адамдардың өмірлік үлгісімен жеке бастамашылықты дамытуға, бірнеше тілді меңгеруін үлгі етуге бағытталды. Спикерлер болып халықтар Ассамблеясының өкілдері сөз сөйледі.
Хатшылықтың меңгерушісі Наиль Салимов жиналған қауымды құттықтап, Солтүстік Қазақстан облыстық ҚХА қызметі жайында айтты.
Баяндама жасағандар этномәдени орталықтар қызметінің жеке табыс деректерін айғақтай отырып Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері, Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі жайлы әңгімеледі.
Мәселен, спортшы, гирь көтеруден әлем чемпионы, Солтүстік Қазақстан облысы орыс қауымдастығының төрағасы Виктор Сайко сайыстардағы ұмытылмас әсерлерімен бөлісті:
«Алғашқы сын — бір минут ішінде пұттық гирьді көтеру 4800 метр биіктіктегі эквадор жанартауы Чимборосода болды, Мұнда мен алғашқы алтын медальдарымды алдым. Соның ізінше дүниенің әр тарапынан 12 ең батыл гирь көтерушілер жердің одан да жоғары биігіне өрледі (егер жер ортасынан есептесе — 5010 метрлік бииіктік). Мұнда сайыс жұлқа көтеруден өтті және мен тағы да озып шығып, 5 алтынды иелендім».
Жастар Виктор Михайловичті аса қызығушылықпен тыңдаса, спорттағы жас әріптестері өздерін қызықтыратын сауалдарды қойды. Студенттер чемпионның қарапайымдылығына таңырқады және оның ерік-жігеріне сүйсінді.
Жастар саясаты жөніндегі басқарма басшысының м.а. Ирина Тухватуллина мұндай кездесулер өте пайдалы деп санайды. Жастар өз қаламыздың қайраткерлері жайында, олардың табысқа жету жолдары туралы біледі.
Шақырылған қонақтар қатарында денсаулық сақтау басқармасының өкілдері де болды. Дәрігер, рентгенолог-хирург Дмитрий Тё өзінің өмірлік және кәсіптік тәжірибесімен бөлісті:
«Дәрігердің жұмысы әрине, беделді. Алайда бұл аса ауыр еңбек, операциялық үстел басында тұрғанда біреудің өмірі сенің қолыңда, бұл аса үлкен жауапкершілік», деді ол.
Дәрігер өзінің балалық шағы жайлы, оның қазірдегі мамандығы болып табылатын, өміріндегі сүйікті ісі, орындалған арманы туралы айтты.
Бұл екі ұрпақ арасындағы ашық та әділ сұхбат болды, балалар өз пікірлерімен құлшыныса бөлісті, сауалдар қойды, кеңесті. Соңында қаламыздың шығармашылық ұжымдарының концерттік нөмірлерін тамашалады.
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ
«Қоғамдық келісім» КММ
Ұқсас жаңалықтар
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
Ұқсас жаңалықтар
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды