Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Қыркүйек, 2015

1158

Қасиетті домбыра күмбірледі

Қыркүйектің 30 күні Көкшетау қаласындағы Достық үйінде Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында Көкшетау қаласы әкімінің кубогына арналған «Қасиетті домбыра» атты облыстық байқау болып өтті. Дода күй тарту, дәстүрлі ән, терме бойынша жүрді. Байқау Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қолдауымен Көкшетау қаласы Жастар ресурстық орталығының және Ақмола облысы «Жас Ұлан» біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен болып өтті.

Қыркүйектің 30 күні Көкшетау қаласындағы Достық үйінде Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында Көкшетау қаласы әкімінің кубогына арналған «Қасиетті домбыра» атты облыстық байқау болып өтті. Дода күй тарту, дәстүрлі ән, терме бойынша жүрді. Байқау Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қолдауымен Көкшетау қаласы Жастар ресурстық орталығының және Ақмола облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен болып өтті. Байқауға Ақкөл, Степногор, Бұланды, Зеренді ауданынан және Көкшетау қаласының жас өнерпаздары қатысты. Байқаудың негізгі мақсаты ұлттық өнерді насихаттау, жас талапкерлерді анықтап, оларды қанаттандыру, тәрбиелеу болып табылады.

«Жүйріктен жүйрік озар» жарысқанда демекші, екі күнгі додада алғашқы сыннан суырылып шыққан жас өрендер ақтық сында тағы да бір - бірінен озып, мәреге ұмтыла түсті. Қазақтың әні мен күйі – халқымыздың көне заманнан бері қалыптасқан асыл қазынасы, ұлттың бекзат болмысы, жүрек сыздатқан сағынышы, көңілдің нәзік қылын шертер сезімі, мұң-шері, қызық-қуанышы. Қара домбыраны құйқылжытқандардың ішінен «Үздік күйші» номинациясы бойынша Степногор қаласынан келген Мадияр Қанафин марапатталса, Ақкөл қаласынан келген Әсел Нұртуллаева «Үздік дәстүрлі әнші» номинациясын жеңіп алды. Ал «Үздік термеші» атағына Бұланды ауданынан келген Шешхан Өмірзақ Махамбеттің «Мен, мен едім, мен едімін» орындап суырылып алға шықты. Жеңімпаздар Көкшетау қаласы әкімінің кубогына ие болды.

Жас өнерпаздарды құттықтап, ақ жол тілеген ақын, журналист «Көкшетау» газетінің бас редакторы Серік Жетпісқалиев өнерпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етті. Қазақстан халқы Ақмола облыстық ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылықтың басшысы Айна Мысыралимова байқауға қатысқан өнерпаздардың барлығына үлкен алғысын білдіріп «Қазақтың киелі өнерін одан әрі дамытып, үкілі домбырамыздың үнін асқақтата береді деген сенімдеміз», - деп Алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтарын табыстады.

«Қоғамдық келісім»

КММ баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

Кейін қарай