Қазақстан халқы Ассамблеясы

15 Қыркүйек, 2016

1007

Қасиетті Құрбан Айт мерекесі

12 қыркүйек күні барша мұсылман қауымы қасиетті Құрбан айт ұлық мерекесін қарсы алды. Бұл мереке Ораза айт мейрамынан 70 күн өткеннен кейін басталып, қажылықтың аяқталуын білдіреді.

Айт күндері мұсылмандардың негізгі міндеттерінің бірі - құрбандық шалу. Жағдайы жеткендердің бәрі құрбандыққа мал шалып, оның етінің белгілі бір бөлігін тұрмысы төмен отбасыларға таратады.

Бұл күні қонаққа құр қол баруға болмайды, сол себепті, Достық үйі -қоғамдық келісім орталығы аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерге ең қажетті заттар жинақталған азық-түлік толтырылған себеттерді сыйға тартты.

Кейін қарай