Қазақстан халқы Ассамблеясы

13 Желтоқсан, 2016

1075

Ассамблея достарын жиды...

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел – үлкен отбасы» атты республикалық жобасының аясында 2016 жылдың 11-ші желтоқсанында Көкшетау қаласының Қоғамдық келісім сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлауға арналған «Ассамблея собирает друзей» мейрамы өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты - Қазақстан халқының этномәдени мұрасын дәріптеу, жас қазақстандықтардың толеранттық мәдениетін және азаматтық бірегейлігін қалыптастыру.

Мерекенің ұйымдастырушысы «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығының жанындағы «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебі.

Қонақжай Достық үйі бұл күні өз «шаңырағының» астына «Шаңырақ» мектебінің оқушыларын, олардың ата-аналарын, педагогтарды, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы этномәдени орталықтарының өкілдерін, қала қонақтарын жинады.

Іс-шараның қызықты бағдарламасында «шаңырақтықтар» Қазақстан туралы, достық пен бейбітшілік туралы қазақ, орыс, поляк, татар, инғұш, армян, чуваш, әзірбайжан тілдеріндегі өлеңдерін көркемдеп оқыды. Руслан Найкин, Ульяна Корниенко, Алина Мороз, Лианна Саакян, Регина Савченко, Юлия Пекарская, Антон Поплавский, Хадижа және Фатима Джафарова, Станислав Глок, Милана Пак, Арина Осыко сынды «Шаңырақ» мектебінің оқушылары мейірімділік пен бейбітшілік, махаббат пен достық, отан мен отансүйгіштік поэзиясын шын жүректерімен тебірене оқыды. Ал Кәмилә Жұмабекова мен Айсара Сералина келушілерді неміс және кәріс тілдерінде құттықтады. 

Ильхам Байрамов пен Минара Руфуллаеваның орындауындағы әсерлі әзірбайжан биі, Мери Додоянның «Қазақстан» әнін кәсіби дәрежеде орындауы, Александр Красниковтың скрипкада ойнауы, Нұршат Жұмабектің фортепианолық пьесасының мінсіз орындалуы, сонымен қатар Абзал Жұмабектің өзі шығарған «Азаттықтың ақ туы» өлеңінің оқылуы көрермендерді таңқалдырып, тамаша күйге бөледі.

Армян тілінің оқытушысы Рузанна Дегоянның және «Ақмола «Вайнах» шешен-инғұш қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Герихан Яндиевтің сөйлеген сөздері де тартымды болды.

«Тәуелсіздікпен нұрланған  Шаңырақ» бейнежазбасы, сонымен қатар мектеп басшысы Күлтай Кәрімжанованың құттықтау сөзі «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебінің алты жылдық жұмысындағы табысты шығармашылық қызметіне көз жеткізді.

Кейін қарай