Қазақстан халқы Ассамблеясы

10 Наурыз, 2017

749

Ассамблея Кеңесі өтті

2017 жылғы 10 наурызда  Достық үйінде Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі өтті.

Мақсаты - Қазақстан республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауы мен конституциялық реформаларға қатысты үндеуін Ассамблея кеңесі мүшелерімен талқылау.

Күн тәртібінде үш мәселе қаралды:

-         Конституциялық реформаны талқылауды қорытындылау;

-         Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қоғамдық келісімді қамтамасыз етудегі медиация институтының рөлі мен дамуы»;

-         Әр түрлі

Жиынға Облыстық ҚХА жанындағы этномәдени бірлестіктер, Коғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі, Ардагерлер кеңесі төрағалары, мүшелері, медиаторлар, «Нұр Отан» партиясы мүшелері, Сот қызметкерлері БАҚ өкілдері қатысты.

100- ден астам адам қатысқан жиынды Алматы облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғ.Тұрсынбай жүргізді.

Кейін қарай