21 Сәуір, 2017
685
Ассамблея мүшелері Елбасы мақаласын талқылады.
Қазақстан халқы Ассамблеясының Бірыңғай республикалық тақырыптық күніне орай Орал қаласындағы Достық үйінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына байланысты дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Біріңғай күннің аясында өткізілген шараға этномәдени бірлестіктердің, ҚХА ғылыми – сараптама топтар мен кафедралардың, қоғамдық келісім, аналар және ақсақалдар кеңесінің мүшелері қатысты. -Елбасының Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын қоғам жылы қабылдады. Себебі мақалада Біртұтас Ұлт болудың нақты бағыт-бағдары көрсетілген. Расында, байтақ даланың нағыз егесі – қазақ ұлты үшін рухани жаңғырудың кезеңі келді. Елбасы үндеуінің барлық қазақстандық үшін маңызы зор. Бәсекелестік заманында немқұрайлылықтан алыс болып, ұстамдылыққа, үнемшілдікке бет бұрғанымыз абзал. Саламатты өмір салтын ұстанып, білімімізді жетілдіру, кәсіби маман болып қалыптасу, қоғамды кертартпалыққа итермелейтін радикалды көзқарастардан аулақ болу – бәрімізге ортақ қағидат. Атап өтерлігі, Елбасымыз «Қазақстандағы 100 жаңа есім» атты жаңа жоба қолға алынатынын мәлімдеді. Яғни, елімізді дамытуға атсалысқан этнос өкілдерінің тарихы назарға алынтаын болады. Мемлекет басшысы тұрақтылық пен татулықты ту еткен жұрттың озатынын әрдайым айтып отыратынына разымын. Тәуелсіздік жылдарында ел қатарлы еңбек етіп, түрлі салада зор жетістікке жеткен қазақстандықтар көп. Сондықтан біртұтас болып жұмылып, ұлттық мәдениетімізді насихаттауға бел шеше кірісіп, бұл бағытта нақты іске көшкеніміз жөн, – деді Облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов. Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, педагогика ардагері Василий Баев осы тақырыпты жалғап, кейінгі жас буынға осы заманғы ақпараттық технологияларды меңгермейінше, алға басу жоқ екендігін жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Жеңіс күнімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Отан қорғаушылар күнімен құттықтауы
24 Маусым, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
25 Маусым, 18:05
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
21 Маусым, 14:48
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
вчера, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті