Қазақстан халқы Ассамблеясы

12 Ақпан, 2016

854

"Ассамблея-ол біз!"

Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында есігін айқара ашқан  Сыр өңірінің берекесі мен бірлігінің символы – Достық үйі бүгінгі таңда жоспарлы жұмыстарын жүргізіп келеді. Осы жұмыстардың шеңберінде Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының құрылымдарын Достық үйінде орналасқан "Ассамблея - ол біз!" атты көрмемен таныстыру жұмыстары басталды. 

Жоспарлы іс-шараларға сай Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейінің «Шаңырақ» клубының 70-ке жуық белсенділері Достық үйінің  ғимаратын аралап, 1 күндік жұмысымен танысты.

Клуб белсенділері Достық үйінде орналасқан 11 этномәдени бірлестіктің жұмыс кабинеттерімен танысып, жетекшілерімен және белсенділерімен пікір алмасып, ұлттық дәстүрлеріне қатысты мол мағлұмат алды. Сонымен қатар, «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері жастарды мұражаймен, кітапхана және тілдерді оқыту кабинетімен таныстырды.  Оқушылар түрлі этнос өкілдерінің ұлттық киімдері, музыкалық аспаптары, тағамдары мен кітаптарын үлкен қызығушылықпен тамашалап, түрлі сұрақтарына жауап алды.

Сонымен бірге оқушылар Достық үйінде қазақ, орыс, ағылшын тілімен қатар өзге де этнос тілдерін меңгеруге мүмкіндік бар екендігін білді. Және де өнерлі жастар түрлі бағыттағы үйірмелерге, соның ішінде қазіргі заманның талабына сай би үйірмесіне түрлі этнос жастарының көптеп қатысатындығын көрді.  

Достық үйінің жұмысымен толық танысқан мектеп оқушылары жан-жақты қызығушылықтарын білдіріп, алдағы уақытта Достық үйінде өткізілетін түрлі шараларға белсене қатысатындықтарын қуана жеткізді.

 

   

Кейін қарай