
28 Қараша, 2016
3558
«Ассамблея тарихы – ел тарихы – халық тарихы»
26 қараша күні «Ұлы Дала Елі – Тәуелсіздіктің 25 тұғыры» 25 жұлдызды күн Жоспарын жүзеге асыру барысында, «Қырғызстан-Астана» этномәдени бірлестігінде «Ассамблея тарихы – ел тарихы – халық тарихы» тақырыбына дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты көп этностық мемлекет жағдайында ұлттық құндылықтарды ұлықтауға, этносаралық бірегейлікті насихаттауға, бейбітшілікті, бірлік пен келісімді сақтауға негізделді.
Елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған шараға ҚХА Ғылыми-сарапшылық тобы, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ҚХА мүшелері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында Қазақстан халқының бірлігі мен келісімін нығайтудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының ролі, жас ұрпақты патриоттыққа және рухани-аламгершілікке тәрбиелеудің өзекті мәселелері, Қазақстандағы этностардың әлеуметтік-мәдени дамуы, Қазақстан Республикасы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы дамуының тарихи параллелдері талқыланды.
«Біздің мемлекетіміз өз дамуының кемеліне жетті және өзін тәуелсіздіктің 25 жылын арқалаған, толыққанды қалыптасқан мемлекет ретінде айта алады. Ал, біз әлем таныған Қазақстанның жетістіктерінде Ассамблеяның да үлесі бар екенін мақтанышпен және толық сеніммен айта аламыз»-деп, мәжілісті ашқан елордалық ҚХА хатшысының меңгерушісі Л.Құсайынова қазіргі Қазақстанның қалыптасуындағы Ассамблеяның маңызына тоқталып өтті.
Астана қаласы ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Т.Кошман көпұлтты мемлекет жағдайындағы бірегейлікті сақтау үшін, жас ұрпақты этномәдени бірлестіктердің қызметі салаларына тарту қажеттілігіне баса назар аударып: «Қазақстан халқы Ассамблеясын белсенді, өмірге құштар, өздерін қазақстандықтар ретінде сәйкестендіретін жастармен толықтыру үшін, оларға Ассамблея қызметін танытуға мүмкіндік беретін, ғылыми негізде жағдайлар жасалу керек»-деді.
Өз кезегінде сөз алған, Астана қаласы өзбек этномәдени орталығының төрағасы Ш.Пулатов Н.Ә.Назарбаетың моделі және оны жүзеге асырудағы өзбек этномәдени бірлестігінің ролі жөнінде, сонымен қатар, мемлекеттік тілді барлық этностарды біріктіретін құрал ретінде атап, оны білу қажеттілігінің маңызына ерекше көңіл бөлді.
Мәжілісті қорытындылаған Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Л.Құсайынова қатысушыларға алғыс айтып, айтулы мереке – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында өткізілген осы іс-шараның маңызы мен салмағын атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
Қарағанды облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері басталды
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
6 Қыркүйек, 22:51
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
Ұқсас жаңалықтар
-
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
Қарағанды облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері басталды
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті