27 Маусым, 2024
309
Ассамблея тасқыннан зардап шеккендерге көмек көрсетуді жалғастыруда
«Жүректен жүрекке» жобасының кезекті кезеңі басталды. Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге баспана алу үшін жолға шықты.
ҚХА мүшелерімен Ақмола және Қостанай облыстарында тұрғын үйінен айырылған отбасыларға баспана сатып алынды.
Бірінші болып Ассамблея өкілдері Ақмола облысы Жарқайың ауданы Державинск қаласындағы Қабиденовтер отбасын: Дархан мен Ксенияны жақсы жаңалықпен қуантты. Олардың үйі су тасқынынан зардап шегіп, қалпына келтіруге жарамсыз болған. Жұбайларға баспана беріліп, көмек көрсетілді.
Екінші баспаналы болған тұрғын Айман Қазова төрт баланы жалғыз тәрбиелеп отырған ана. Оның Арқалық қаласы маңындағы үйі де қалпына келтіруге жарамсыз деп белгіленген. Айманның құқық белгілейтін құжаттармен мәселелері болып, баспана алудан үміті үзілген еді. Ассамблеяның жаңа баспанасы Айманға жаңа үміт сыйлады.
Айта кетейік, ҚХА су тасқынының алғашқы күндерінен бастап табиғи апатпен күресу жұмыстарында көмек қолын созудан аянған жоқ. Өңірлердегі Достық үйлерінде еріктілер орталықтары мен гуманитарлық көмек қабылдау пункттері ашылып, оған 12 мыңнан астам еріктілер ең ауыр және қауіпті учаскелерде көмек көрсетті. Осылайша, елімізге төнген табиғи апат қазақстандықтардың достығы берік екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету жұмысы жалғасуда.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Күшіміз – бірлікте»: Қарағандыда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған мурал пайда болды
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
-
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
15 Қыркүйек, 21:37
Астанада ҚХА Журналистер клубының медиафорумы өтті
15 Қыркүйек, 21:33
«Этносауаттылық және этносаралық қатынастарды БАҚ-та жариялау мәселелері» атты оқу модулінің ашылуы өтті
17 Қыркүйек, 18:23
Астанада «Этномәдени сауаттылық және БАҚ-тағы этносаралық қатынастарды жариялау» атты білім беру бағдарламасы жалғасуда
17 Қыркүйек, 18:19
ҚХА Төрағасының орынбасары М. Әзілханов ЕҚЫҰ-ның ұлттық азшылықтар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Кристоф Камппен кездесті
15 Қыркүйек, 21:39
М. Әзілханов этникалық БАҚ басшыларымен кездесті