Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Ақпан, 2016

1147

Ассамблея – татулық пен бірліктің тұғыры

28 ақпан күні 6655 әскери бөлімі клубында  1 наурыз «Алғыс айту» күніне орай №6655 әскери бөлімінің өзге ұлт сарбаздары мен этномәдени бірлестіктер өкілдерімен бірігіп ұйымдастырған іс-шарасы өтті. Шараның мақсаты Ассамблея жұмысымен таныстыра отырып, патриоттық сезімді қалыптастыру және Алғыс айту мерекесінің қадір-қасиетін ұғындыру болып табылады. Кеш барысында «Шатлық» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің ансамблі әуезді әндерін шырқаса, кәріс этномәдени бірлестігінің «Чхинсон» ансамблі кәріс биін биледі. Бөлім қатарындағы өзге ұлт сарбаздары да өз өнерлерін ортаға салды.  

Іс-шара достық пен ақ-жарқын көңіл-күйде өтті. 

   

 

Кейін қарай