
25 Наурыз, 2022
490
«Ассамблея жастары» Алматы облысындағы Достық аллеясына ағаш көшеттерін отырғызды
24-25 наурызда Алматы облысының Шонжы кентінде «Ассамблея жастары» ұйымының өкілдері өңір жастарымен бірқатар мотивациялық кездесулер өткізді. Нетворкинг форматында өткен қарым-қатынастың мақсаты – жастардың қолға алған бастамаларын қолдау шараларын және жастардың әлеуметтік өсу мүмкіндіктерін талқылау болды. Кездесуге Алматы облысына қарасты аудандардан өкілдер қатысты.
Іс-шара барысында спикерлер табысқа жету және жеке өсу дағдыларын дамыту бойынша пайдалы кеңестерімен бөлісті. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ауылдық деңгейде жастар саясатын жетілдірудің өзекті тақырыптарын талқылады.
Сонымен қатар «Ассамблея жастары» ұйымының көшбасшылары «Таза орта» жобалық бағыты аясында экологиялық акция өткізді. Ұйғыр ауданының орталығында жергілікті жастармен бірлесіп, «Достық аллеясына» ағаш отырғызды. Бұл күні белсенділер 50 қылқан жапырақты ағаш көшеттерін отырғызды. Олар келешекте ауданның көз тартар көрікті жеріне айналары сөзсіз.
«Бұған дейін мемлекет басшысы 2 млрд ағаш отырғызу туралы бастама көтерген болатын. Біздер – жастар үшін бұл идеяны жүзеге асыру оңай болып көрінеді, сондықтан өз күшімізбен елімізді көгалдандыруға көмектесуге тырысамыз. Біз Ұйғыр ауданындағы Достық аллеясын түрлі ұлт өкілдерінің: қазақ, ұйғыр, татар, орыс және т.б. күшімен орнаттық. Ал осындай бірлескен жасампаздық іс-шаралар жастарымыздың бірігуіне ықпал етеді және бұл аллея аудан тұрғындары үшін жақсы сыйлық болады деп үміттенеміз», – деп атап өтті «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаев.
Іс-шараға қатысушылар осындай жастар бастамаларын іске асыру басқа өңірлерде де жалғасатынын атап өтті. Естеріңізге сала кетейік, экологияны сақтау және қоршаған ортаны қорғау – «Ассамблея жастары» жастар ұйымы қызметінің маңызды бағыттарының бірі. Сондай-ақ ұйым белсенділерінің жоспарында өткен басқа өңірлерде «Халық достығы» саябақтарына ағаш отырғызу да бар. Бұл бастаманы былтырғы жылы қазан айында Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы ұсынған болатын.
Алматы облысында өткен іс-шараларға «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Т. Жұмырбаев, «ASAR-UME» қорының негізін қалаушы және ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі Кеңестің мүшесі А. Нұрмашев, Қазақстан ұйғыр жастары одағының төрағасы Р. Қайрыев, Алматы облысы ІІБ «Қоғамдық келісім» КММ басшысы С. Бимуханбетов, «Жастар саясаты мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық бірлестігінің» төрағасы А. Нұрмашев, «Ассамблея жастары» РҚБ Алматы облысындағы өкілдігінің төрағасы Р. Усанова және жастар ұйымдарының өкілдері, еріктілер мен жергілікті тұрғындар қатысты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты