19 Наурыз, 2024
431
Ассамблея жастары ұлттық ойындардан сайысқа түсті
Амал - ұлттық дәстүрлерді жаңғыртатын мереке. Бұл күні елдің бірлігін, халықтың берекесін арттырып, жұрттың көңілін көтеру мақсат етіледі. Осы мереке арқылы мемлекеттің тұтастығын сақтау, түрлі ұлттар мен ұлыстарға қазақ халқының дәстүрін, өркениеті мен өнерін, тарихы мен түп тамырын таныту көзделеді.
Мерекені Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы «Ассамблея жастары» ұйымының белсенділері дәл осылай қарсы алды. Олар бұл күні «Naman Ata» спорттық кешенінде қазақтың ұлттық ойындарын дәріптеп, сайысқа түсті.
Сайысты «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Айбек Дайрабай ашып, барша қатысушаларға сәттілік тіледі.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Біз қазіргі заманның жақсы қасиеттерін бойға сіңіре отырып, ұлттық болмысымызды жаңғыртуға тиіспіз» деп атап өткен болатын. Осы ретте мереке қарсаңында өңірлік «Ассамблея жастар» ұйымы - ұлттық болмысты жаңғыртуға үлес қосуда. Ұлттық ойындардың бірі садақ атуды дамыту, ұлт руханияты мен саулығына жанашырлық деп білеміз. Жалпы Ұлыстың ұлы күні Әз-Наурыз бүгіннен басталды және он күн көлемінде тойланады. Әр күннің өз атауы бар. Қайырымдылық, салт-дәстүр, бата беру, ұлттық киімді дәріптеу, тазалық акциясын өткізу жоспарға енгізілген», -деді.
Ал «Ассамблея жастары» ұйымының белсендісі Вероника Русланова садақ атудың денсаулыққа пайдасы зор. Бұл спорт түрі - омыртқаны шынықтырып, оның түрлі дертке шалынуының алдын алады. Өзім осы ұлттық ойын түрінен бірнеше рет жарысқа қатысып, жүлделі орындарға ие болғанмын»,- деді.
Сайысқа оннан аса этнос жастары қатысты. Садақшылар 10 метрден 25 метрге дейінгі қашықтықта мергендік шеберліктерін танытты. Айта кету керек, этнос жастары садақ атудан бөлек арқан тарту, асық ойнаудан да жарысқа түсті.
Жарыста үздік шыққан мергендерге арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
-
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
-
Марат Әзілханов Ұлттық «Тоғызқұмалақ» федерациясының вице-президенті Б. Оспановпен кездесті
-
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
8 Қыркүйек, 11:32
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
9 Қыркүйек, 09:14
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
11 Қыркүйек, 22:01
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:51