Қазақстан халқы Ассамблеясы

15 Қараша, 2025

41

«Ассамблея жастары» мен Өзбекстан Республикасының Жастар істері агенттігі арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

15 қарашада Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапары аясында «Ассамблея жастары» мен Өзбекстан Республикасының Жастар істері агенттігі арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Ташкент қаласында құжатқа Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қанаты «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Джумурбаев және Өзбекстан Республикасының Жастар істері жөніндегі директоры Алишер Саъдуллаев қол қойды. Құжат алмасу рәсімі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен өтті.

Меморандум жастар бастамаларын қолдау, білім беру және мәдени-іс-қимылды кеңейту арқылы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған.

Жоспарланған іс-шаралар шеңберінде серіктес ұйымдар арасындағы бірлескен жобалар жоспары талқыланды. Алдағы жобалардың негізгі қозғаушы күші Қазақстандағы этномәдени бірлестіктердің белсенді жастары болмақ.

«Ассамблея жастары» ұйымы басқа елдердің жастарымен халықаралық деңгейдегі серіктестікті белсенді дамытып келеді. Өткен жылы осындай келісім Тәжікстан Жастар одағымен жасалды.

Кейін қарай

Ең оқылымды