18.06.2025
30
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
17–18 маусым күндері Алматы қалалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің «Адал азамат – ұлт келбеті» тақырыбында V Республикалық форумы өтті.
Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Сергей Пономарев, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Анар Тәңірбергенова, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ҚХА қоғамдық құрылымдарының мүшелері және өңірлік Ақсақалдар кеңестерінің төрағалары қатысты.
Форум аясында ҚХА XXXIV сессиясында берілген Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға қатысты мәселелер, Ассамблеяның 30 жылдық қызметінің қорытындылары, сондай-ақ Ақсақалдардың этносаралық келісімді нығайтудағы және жастарды дәстүрлі құндылықтар негізінде тәрбиелеудегі рөлі талқыланды.
Пленарлық сессияда «Адал азамат» жобасын ілгерілетуге, этномедиацияны дамытуға, Аналар кеңестерімен өзара іс-қимылға, сондай-ақ жастарды адамгершілікке және патриотизмге тәрбиелеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Форум тәжірибе алмасу, аймақтар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту және этносаралық бірлікті арттыру бағытындағы маңызды алаңға айналды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Хатшылығында Жетісу облысындағы Ассамблея қызметі жөнінде тыңдау өтті
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы облысы