Қазақстан халқы Ассамблеясы

25.09.2025

4

Алматы облысының Ұйғыр ауданында аудандық ҚХА мүшелерімен кездесу өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясы шешімдерін іске асыру аясында ҚХА Хатшылығы секторының меңгерушісі Қайрат Баймулдинов Алматы облысының Ұйғыр ауданында аудандық ҚХА мүшелерімен кездесті.

Талқылауға Ассамблея мүшелері, Ақсақалдар кеңесі мен Аналар кеңесінің мүшелері, сондай-ақ Ассамблея жастары қатысты.

Жиында аудандық ҚХА-ның қоғамдық келісімді нығайтудағы, жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілетудегі тиімді құрал ретіндегі қызметінің негізгі бағыттары сөз болды.

Кейін қарай