02.07.2025
41
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
2025 жылғы 2 шілдеде Астана қаласындағы М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты бірінші Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті.
Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында ұйымдастырылып, Қазақстан мен Беларусь арасындағы этносаралық диалогты нығайту мен мәдени алмасудың маңызды алаңына айналды.
Фестивальге Беларусь этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, шығармашылық ұжымдар, әртістер, жастар және еліміздің түрлі өңірлерінен келген қоғам өкілдері қатысты.
Қонақтарды Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Анастасия Щегорцова мен Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Богданов құттықтап, этносаралық достықты, өзара түсіністікті және мәдени диалогты дамытуға үлес қосқан қатысушыларға алғыс хаттар табыстады.
Фестиваль аясында «Беларусь у сэрцы Казахстана» атты көрме, ұлттық қолөнер шеберлерінің сабақтары, ұлттық қуыршақ жасау, беларусь және қазақ тағамдарының дәмін татуға арналған аймақ, сондай-ақ Астана, Петропавл, Өскемен және басқа қалалардан келген әншілер мен ансамбльдердің қатысуымен концерт ұйымдастырылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
вчера, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
вчера, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты