24.06.2025
55
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
2025 жылғы 24 маусымда Астана қаласындағы Достық үйінде Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының салтанатты отырысы өтті.
Іс-шараға журналистер, медиа саласының өкілдері, ҚХА белсенділері, өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз хатшылары мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысты.
Кездесудің мақсаты — этносаралық қатынастар тақырыбын жария етуде еңбектері зор журналистер мен БАҚ қызметкерлерін ынталандыру.
Іс-шараға ҚХА Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Анастасия Щегорцова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚХА Журналистер клубының төрағасы Алишер Сатвалдиев, БАҚ өкілдері мен Ассамблея мүшелері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық келісімді сақтау мен этносаралық бірлікті нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті — бұл халықты ақпараттандыру, қоғамдық пікір қалыптастыру, диалогты қамтамасыз ету және интеграцияға ықпал ету арқылы жүзеге асады.
Қазақстанда этносаралық қатынастардың тұрақтылығы ерекше маңызға ие екені атап өтілді. БАҚ бейбітшілік пен келісім идеяларын алға ілгерілетуде маңызды рөл атқарады.Сонымен қатар, этномәдени бірлестіктердің қызметін медияда сүйемелдеу және ҚХА-ның қоғамдық бастамаларын іске асыру мәселелері талқыланды.
Соңында жоғары сапалы материалдарымен ҚХА қызметін белсенді қолдап жүрген кәсіби журналистер мен медиа мамандарын марапаттау рәсімі өтті.Іс-шара пікір алмасумен және Қазақстан халқы Ассамблеясы мен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы ынтымақтастықтың болашақтағы бағыттарын талқылаумен аяқталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Хатшылығында Жетісу облысындағы Ассамблея қызметі жөнінде тыңдау өтті
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді