28.08.2025
69
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
2025 жылғы 28 тамызда Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Парламент Сенатының депутаты, «Жомарт жан» республикалық орталығының төрағасы Евгений Больгертпен бірге Конституция күні мен Білім күні қарсаңында өңірлік «Жомарт жан» орталықтарының басшыларымен кездесу өткізді.
Іс-шараға сондай-ақ ҚХА мүшелері мен меценаттар қатысты. Жиында республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясының басталуы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 2025 жылдың I жартыжылдығындағы қайырымдылық жұмысының қорытындылары және алдағы кезеңге арналған жоспарлар талқыланды. Өңірлік «Жомарт жан» орталықтарының ақпараттық кеңістіктегі, әсіресе әлеуметтік желілердегі ұстанымын күшейту, жобалық тәсілді енгізу қажеттілігі атап өтілді.
Бүгінде еліміздің 20 өңірінде 340-тан астам меценат пен еріктілерді біріктіретін «Жомарт жан» орталықтары жұмыс істейді. Олардың қызметі Ассамблеяның әлеуметтік маңызы бар жобаларын үйлестіруге және Қазақстанда қайырымдылық мәдениетті дамытуға бағытталған.
Әр жыл сайын орталықтар аз қамтылған отбасылардың балаларын қолдауға, төтенше жағдайдан зардап шеккендерге көмек көрсетуге, әлеуметтік осал топтарға қолдау білдіруге және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға арналған бастамаларды жүзеге асырады. Жыл басынан бері жалпы құны 304 млн теңгені құрайтын 476 қайырымдылық жоба жүзеге асырылды.
Ал, тек өткен жылы ғана ҚХА-ның республикалық әлеуметтік-маңызы бар қайырымдылық акциялары аясында мұқтаж жандарға 1,3 млрд теңгеге көмек көрсетілген. Отырыста Ассамблея аясындағы қайырымдылық қызметін одан әрі дамыту мәселелері қаралып, Республикалық орталықтың алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспары бекітілді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Этномәдени сауаттылық және БАҚ-тағы этносаралық қатынастарды жариялау» атты білім беру бағдарламасы жалғасуда
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінің пленарлық отырысына қатысты
-
Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаттары Астанадағы Достық үйінде семинар өткізді
-
Астанада ҚХА Журналистер клубының медиафорумы өтті
-
«Этносауаттылық және этносаралық қатынастарды БАҚ-та жариялау мәселелері» атты оқу модулінің ашылуы өтті
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
11 Қыркүйек, 22:01
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:45
Марат Әзілханов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» қоғамдық жобасының жетекшісі Л.Буларовпен кездесу өткізді
12 Қыркүйек, 15:55
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
11 Қыркүйек, 21:51
Марат Әзілханов Ұлттық «Тоғызқұмалақ» федерациясының вице-президенті Б. Оспановпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:54
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары В. Лукашевпен кездесу өткізді