Қазақстан халқы Ассамблеясы

22.09.2025

13

Қазақстан өзбектері қауымдастығы «Дустлик» ассоциациясының 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өтті

Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және Қазақстан өзбектері қауымдастығы «Дустлик» ассоциациясының 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өтті.

Салтанатты жиынға ҚХА Хатшылығының сектор меңгерушісі Қайрат Баймулдинов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Алишер Сатвалдиев, Өзбекстан Республикасының Елшісі, сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстаннан келген делегациялар, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Мерекелік бағдарлама аясында қолөнер көрмесі, Абай Құнанбайұлы мен Әлішер Науаидің жырлары оқылды, өзбек халқының мәдени дәстүрлері паш етілді. Сонымен қатар өзбек драма театры әртістерінің қатысуымен арнайы театрландырылған қойылым көрермен назарына ұсынылды.

Бұл шара Қазақстандағы этностардың достығы мен мәдениеттер сабақтастығын айшықтап, халықтар арасындағы рухани байланыстарды нығайтуға үлес қосты.


Кейін қарай