Қазақстан халқы Ассамблеясы

17.09.2025

53

ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінің пленарлық отырысына қатысты

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық еткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінің пленарлық отырысына Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов қатысты.

Ауқымды іс-шараға әлемнің 60 елінен келген 100-ден астам өкіл қатысты. Олардың қатарында әлемдік діндердің рухани жетекшілері, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, саясаттанушылар, сондай-ақ қоғам қайраткерлері болды.

Бағдарлама аясында қатысушылар жаһандық бейбітшілікті нығайтудағы діннің рөлі, діни төзімділік пен экстремизмнің алдын алу мәселелерін, сондай-ақ цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің дін саласына ықпалын талқылады.

Қазақстан бейбітшілік, келісім мен толеранттылық мәселелеріне нақты мазмұн беретін жаһандық диалогтың сенімді алаңы ретіндегі миссиясын тағы да айқын көрсетті.

Кейін қарай