29.12.2025
66
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі «Бірлігіміз - әралуандықта» тұжырымдамасын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі «Бірлігіміз - әралуандықта» тұжырымдамасын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды.
30 жыл ішінде Ассамблея кеңесші алаңнан қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуда шешуші рөл атқаратын кемел, орнықты институтқа айналды. Аталған құжат ҚХА-ны одан әрі дамытудың заңды әрі қисынды қадамы болып табылады.
Тұжырымдама Президенттің Ассамблеяның XXXIV сессиясында берген тапсырмасы негізінде әзірленіп, ауқымды реформалар жағдайында және Әділетті Қазақстанды қалыптастыру үдерісінде ҚХА-ның мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысуына бағытталған.
Құжат мәдениеттердің, дәстүрлердің және көзқарастардың әралуандығы жағдайында ел бірлігін қалай сақтау және нығайтуға болады деген негізгі сұрақтарға жауап береді. «Әралуандықтағы бірлік» қағидатын өзек еткен құжат инклюзивті азаматтық қауымдастықты дамытуға, мәдениетаралық диалогты қолдауға және қоғамды ортақ рухани әрі азаматтық құндылықтар төңірегінде топтастыруға негізделген.
Тұжырымдама республикалық және өңірлік деңгейлерде талқыланып, этномәдени бірлестіктер, сарапшылар мен Ассамблеяның қоғамдық құрылымдары тарапынан ұсыныстар енгізілді.
Ассамблея моделін жаңартуға: цифрлық трансформация, талдамалық және ғылыми-сараптамалық әлеуетті күшейту, жастар резервін дамыту, өңірлік ассамблеялардың рөлін арттыруға айрықша мән берілген.
Тұжырымдама Ассамблеяның болашаққа бағдарланғанын және әртүрлілік теңдікке негізделген, көптүрлілік ел дамуының қуатты көзіне айналатын Әділетті Қазақстанды құру ісіне белсенді қатысуға дайын екенін айқын көрсетеді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі «Бірлігіміз – әралуандықта» тұжырымдамасы бекітілді
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М. Әзілхановтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Студенттік Ассамблеялардың I республикалық форумында жастардың басын қосты
-
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының Шығармашылық ұжымдары қауымдастығының Арт форумы өтті
-
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойлық жылының қорытындыларына арналған Республикалық форум өтті