18.07.2025
20
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Оған республикалық Аналар кеңесінің төрайымы Назипа Шанаи арнайы іссапармен келді. Іс-шараның негізгі бөлігі Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өтті. Жиынның тақырыбы - «Аналар кеңесінің жастар мен балалар арасында дұрыс дүниетаным қалыптастырудағы және әлеуметтік қауіптердің алдын алудағы рөлі».
Кездесу барысында Назипа Шанаи Аналар кеңесінің басты рухани миссиясына тоқталып, оның жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеу, тұрақты өмірлік ұстанымдар қалыптастыру және жас аналарға қолдау көрсетуге бағытталғанын атап өтті.
«Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» республикалық жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Салауатты сана» бағыты бес негізгі бағыттағы профилактикалық жұмыстарды қамтиды: нашақорлық, құмар ойынға тәуелділік (лудомания), тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдық.
ҚХА жанындағы республикалық Аналар кеңесі төрайымының орынбасары Баян Ахатайдың айтуынша, бүгінде кеңес құрамында еліміз бойынша 13 мыңнан астам әйел бар. Солтүстік Қазақстан облысында жүзеге асырылып жатқан өңірлік тәжірибелердің, соның ішінде «Жасыл сертификат» бастамасының тиімділігі жоғары екенін атап өтті.
Сапар аясында бірқатар тәжірибелік іс-шаралар ұйымдастырылды. QYZYLJAR арт-орталығында Назипа Шанаи жастармен кездесті. Достық үйінде әскери қызметшілер, ардагерлер және Ассамблея мүшелері қатысқан «Сарбаздың демалыс күні» атты акция өтті. Сондай-ақ полиция қызметкерлеріне арналған отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған тренинг өткізілді. Бұл тренингте құқық қорғау қызметкерлерінің осал топпен жұмыс жасау барысында нақты шешімдерді табу әдістері талқыланды.
Іссапар бағдарламасының қорытындысы ретінде қоғамдық қызметті дамытуға және ана институтын қолдауға елеулі үлес қосқан қызметкерлерге салтанатты түрде «Мейірімділік пен адамгершілік үшін» медалі мен алғыс хаттар табысталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
14 Шілде, 16:11
Этнографиялық көрме: ортақ мұра – ортақ құндылық
14 Шілде, 15:03
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
сегодня, 13:01