Қазақстан халқы Ассамблеясы

19 Қараша, 2015

1124

Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сессиясы

2015 жылғы 18 қараша күні сағат 15:00-де Астана қаласының әкімдігінде «Мәңгілік ел: әралуандықтан бірлікке!» күн тәртібімен Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сессиясы өтті.

2015 жылғы 18 қараша күні сағат 15:00-де Астана қаласының әкімдігінде «Мәңгілік ел: әралуандықтан бірлікке!» күн тәртібімен Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сессиясы өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары- Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов мемлекеттік этносаясатты іске асырудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін күшейту туралы сөз қозғады. «Мемлекет басшысы Ассамблеяға Қазақстан бойынша қайырымдылық істердің үйлестірушісіне айналуға тапсырма берді. Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы шеңберінде еліміз бойынша сегіз миллиондай адам қатысқан әр түрлі бағыттардағы отыз мыңнан астам іс-шаралар өтіп, 5 миллиард теңгеге ел азматтарына көмек көрсетілді», - деді Ералы Лұқпанұлы. Сондай-ақ, ол өз сөзінде Елбасы Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам - Ұлт жоспары» аясында қолға алынған Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел – үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасына тоқталды. «Бұл жоба – «Мәңгілік Ел» құндылықтары негізінде қазақстандық теңдікті нығайтуға әрі бірыңғай азаматтық қоғам құруға жағдай жасауды көздеген арнайы бағдарлама. Жоба аясында болашағы бір Ұлттардың интеллектуалды, мәдени, рухани ынталарын арттыруға, паториттық тәлім-тәрбие беруге басымдық қойған ауқымды акциялар кешені мен әлеуметтік жобаларды іске асыру жоспарланған», - деді Ералы Тоғжанов.

Іс-шараға қатыстқан Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев өз сөзінде: «Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясаты мен біздің көпұлтты халқымыздың даналығы арқасында бүгінде еліміз бейбітшілік пен келісімнің ордасы болып табылады. Ассамблея әрдайым қоғам тынысына құлақ асып, этносаралық қарым-қатынастарды жетілдіруге және біздің ортақ үйіміздегі бейбітшілік пен тыныштыққа қауіпті саналатын кері үрдістерді анықтауға бағытталған жаңа, жасампаз идеяларды арттыра беруі керек», - деді.

Сессияға қатысушы, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті дінтану кафедрасының оқытушысы, Астана қаласы әкімдігі жанындағы Дін проблемаларын зерттеу орталығының ақпараттық-насихаттық тобының мүшесі Татьяна Липина Астана қаласындағы діни ахуалға тоқталды. «Қазақстандық қоғам көп конфессиялы, көп этникалық бірегей құрылым болып табылады. Сол себепті де жалпы еліміз бойынша, соның ішінде Астана қаласы бойынша конфессияаралық қарым-қатынастардың өрбуі үнемі бақылауды қажет етеді», - деді Т.Липина.

  

«Таң» татар-башқұрт этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы– Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің әлеуметтік бағдарлануының көрсеткіші -  қайырымдылық істер екенін атап өтті. Ол: «Ассамблея құрылғаннан бері біздің көптеген қоғамдық бірлестіктеріміз кәсіби тұрғыдан жетілді, әлеуеттері артты. Бүгінгі таңда, олардың ішіндегі аяғына тік тұрғандары материалдық көмек пен моральді қолдауға мұқтаждарға көмектесе алатын жағдайға жетті», - деп атап өтті.

Сессия барысында қалалық Ассамблеяның биылғы жұмыстары қорытындыланып, алдағы жылдың міндеттері белгіленді. Татар-башқұрт және поляк қоғамдық бірлестіктерінің төрағалары Валиев Р.Г. пен Роговская Е.А. 2016 жылға Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды.

Сессия жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және Астана қаласы мәслихатының депутаттары, ҚХА мүшелері, Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этномәдени бірлестіктердің мүшелері, қалалық құрылымдар басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

V сессиясының қорытындысы бойынша елордалық Ассамблея қарар қабылдады. Онда Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының баға жетпес маңыздылығы – оның бүгінде елорданың дамуында қуатты тірек болып отырғаны айтылды. Сессияға қатысушылар бұл үндеуде елдегі әр алуан этностарды біріктіретін ұлы идеяға қолдауларын білдірді. Олар Қазақстанның әрбір азаматы этносы мен дініне қарамастан бұл жасампаз идеяның жүзеге асырылуы үшін өз үлесін қосуы керек деп тұжырымдады.

Қорытынды қарарды «Злата» болгар мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ольга Андриевская оқыды: «Ұлт көшбасшысының «Мәңгілік Ел» идеясының негізінде әр алауан этнос өкілдерінің басын біріктіру – жаңа жетістіктер мен биік белестерді бағындыруды қамтамасыз етпек. Біз Астана, Қазақстан халқы этностары дамуының басым мақсаттарын қолдаймыз және олардың жетістіктеріне қол жеткіземіз».

Сессия соңында Ермек Аманшаев елордалық этномәдени бірлестіктердің белсенділеріне, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың өкілдеріне Астана қаласы әкімінің алғыс хаттарын тапсырды.

_____________________________

Астана қаласы әкімдігінің жанындағы

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

тел: +7707-310-53-54

WhatsApp-8-707-310-53-54

e-mail: adelya-solnce89@mail.ru

 

Кейін қарай