Қазақстан халқы Ассамблеясы

12 Қараша, 2015

1102

Астана қаласында Қазмедиа ғимаратында «Бейбітшілік пен келісім мәдениеті» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының Халықаралық ІІ медиа форумы өтті

Форум шеңберінде ҚХА этностық БАҚ көрмесі, ҚХА фотокөрмесі, ҚХА 20 жыл «Бір ел - бір тағдыр» атты кітап-жинағының тұсаукесері болды. Жинақтың негізгі тақырыбы – қазақстандық қоғамдағы бейбітшілік пен келісім, төзімділік пен тіл саясатына қатысты мәселелер. Баспа БАҚ журналистеріне арналған панелді сессиялар өтті: «Қоғамдық келісім контексіндегі медиамәдениет, электронды БАҚ-тарға - «Журналист - медиатор: мүмкіндіктер пен болашақтар», блоггерлерге – «Блог саласы мен әлеуметтік желілердің қоғамда бейбітшілік мәдениетін қалыптастыруға ықпалы». Панелді сессиялардың спикері болып елімізге танымал журналистер, отандық блоггерлер және әлемдік ақпарат агенттіктерінің шақырылған өкілдері, солардың ішінде «Астана» радиосының директоры Гүлмира Қаракөзова, «Айқын» газетінің бас редакторы Жүсіп Нұртөре, Чжоу Лян «Синьхуа» ақпарат агенттігі өкілдігінің корреспонденті, New BakuPost газетінің бас редакторы, ТМД елдері сарапшыларының лига мүшесі, журналист - саясаттанушы Тофиг Аббасовтар сөз сөйледі. 

Халықаралық форумның ІІ бөлімінде «Масс-медианың қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы рөлі» тақырыбына пленарлық отырыс және брифинг өткізілді, оған ҚР Президентінің кеңесшісі- баспасөз хатшысы Дәурен Абаев, ҚР Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - хатшылық меңгерушісі  Ералы Тоғжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА мүшелері, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдар, этномәдени бірлестіктер және БАҚ өкілдері қатысты.

Содан кейін брифинг сессия өтті, оған «Қазақстанның азаматтық альянсы» ЗТБ президенті Нұрлан Ерімбетов, 24kz телеарнасының шеф- редакторы, саясаттанушы Ерлан Игісінов модератор болды. ҚР Президентінің кеңесшісі-Баспасөз хатшысы Дәурен Абаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев, «Білім және мәдениет» телеарнасының директоры Александр Аксютиц, КТК телеарнасы стратегиялық жоспарлау жөніндегі директор Артур Платонов, «Синьхуа» ақпарат агенттігі өкілдігінің тілшісі Чжоу Лян,  New BakuPost газетінің бас редакторы, ТМД елдері лигасының мүшесі, журналист - саясаттанушы Тофиг Аббасов, «Аль Арабия» телеарнасының жүргізушісі Басель Хадж Джассем және т.б. қазіргі заманғы журналистикаға өз көзқарастарымен бөлісті.

Брифинг барысында аудиториямен пікір алмасу болды, журналистерді, Қазақстанның БАҚ өкілдерін, оқытушылар мен студенттерді шетелдегі әріптестерінің пікірі қызықтырды, атап айтқанда, қазіргі қиын жағдайдағы бүгінгі журналистика туралы сөз қозғалды. Спикерлер, соның ішінде, шетелдік спикерлер Қазақстан халқы Ассамблеясының бірегейлігін атап, біздің халқымызға одан әрі қарай бейбіт даму тіледі және де әлемде болып жатқан бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан арандатушылыққа жол бермеу қажеттігі туралы айтты. Біз, журналистер өзіміз арандатуларға жол бермеуіміз қажет деген пікірге келді бұқаралық ақпарат құралдарының жиналған өкілдері. Форум соңында  «Шаңырақ» атты журналистер арасында шығармашылық конкурсын қорытындылау рәсімі өтті. Қазақстандық этностардың мәдениетін және дәстүрін дамытуға бағытталған "Ең үздік мақала және телерадиобағдарлама» номинациясында Батыс Қазақстан «Надежда» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Данара Құрманованың еңбегі үздік деп  атап өтілді.

Аймақтық БАҚ және баспасөз қызметі өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясына және «Қоғамдық келісім» Республикалық мемлекеттік мекемесіне Халықаралық медиа форумын ұйымдастырырғандары үшін зор алғысымызды білдіреміз. Бұл біз үшін шетел жетекші журналстердің пікірін білуге арналған диалог алаңы болды, мол білім мен шеберлік сабақтарына қанық болдық.

Толқын Нұрқуатова

БҚО «Қоғамдық келісім» РММ

Кейін қарай