
30 Қазан, 2017
798
Астана қаласында конференция өтті
2017 жылғы 27 қазанда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына негізделген «Қоғамдық келісім кеңестерінің әлеуетін арттыру» атты қалалық конференция өткізілді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде өткізілген конференцияға Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының қоғамдық келісім кеңестері мен ғылыми-сарапшылық тобының мүшелері, мемлекеттік органдар және елорда этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, сондай-ақ Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұстаздар қауымы мен студенттері қатысты.
Бұл маңызды жиын Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын, «100 нақты қадам» ұлт жоспарындағы «бірегейлік және бірлік» төртінші институционалдық реформасын, сондай-ақ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын одан әрі жүзеге асыру мақсатында өткізілді. Конференция жұмысының күн тәртібіне енгізілген Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына сәйкес, қоғамдық келісім кеңестерінің әлеуетін арттыру мәселесі қаралды. Кездесу барысында қатысушылар Мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласының маңызы қазақстандық қоғамды одан әрі нығайтуға бағытталған саяси құжат екенін атап өтіп, оны бірауыздан мақұлдады.
Шығып сөйлеушілер бағдарламалық мақалада атап көрсетілген ұлттық бірегейлікті нығайту маңыздылығына айрықша басымдық беріп, Қазақстан халқы ассамблеясының этносаралық сұқбаттасудағы рөліне кеңінен тоқталды. «Біз жаһандану үдерісінің біздің мемлекетте ғана емес, дамыған мемлекеттердің барлығында жүріп жатқанын білеміз. Бастысы Мемлекет басшысы осынау жаһандану кезеңінде нақты басымдықтарды анықтап, мемлекетімізді одан әрі дамытуға даңғыл жол сілтеді. Сонымен бірге, бұл жерде біздің елдің латын әліпбиіне көшкен маңызды қадамын, мәдениет, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтауға маңыз бергенін айрықша атап өтуге болады», - деді осы орайда конференция модераторы, Астана қаласы қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ә.К. Әлпейісов.
«Мемлекет басшысы өзінің бағдарламалық мақаласында қоғамдық келісімді дамытуды жүзеге асырудың ең маңызды деген екі факторын анықтап көрсетіп берді. Бұл, біріншіден, мәдениет пен ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау. Екіншіден, білімді сапалы түрде меңгеру. Жалпы, мәдениет қана экономика жұмысының, ұлтаралық және азаматтық қарым-қатынастарды басқарудың тиімділігіне қатысты бүкіл үдеріске ықпал ете алады. Сонымен бірге ол қоғамға жат көріністерді еңсерудің ең тиімді рухани құралы ретінде саналады», - деді жиында сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ҚХА кафедрасының меңгерушісі, профессор А.А. Башмаков.
Шығып сөйлеушілер өз кезегінде елордамыздағы мекемелер мен кәсіпорындарда құрылған қоғамдық келісім кеңестерінің жұмысы мен рөлін атап өтті. Олардың басты міндеті - еңбек ұжымдары құрылымдарының жұмысын белсенді түрде жандандыру арқылы, Қазақстан халқына арналған Президент Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру.
Конференцияда Қазақстан халқы ассамблеясының қоғамдық қарым-қатынастарды үйлестірудегі айрықша рөлі атап өтілді. Қалалық конференцияның қорытындысы бойынша қатысушылар гүлденген Қазақстанды одан әрі дамыту, ұлттық және азаматтық бірегейлікті сақтау мақсатында қарар қабылдады.
Дата события ассамблеи: 30.10.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
-
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
20 Маусым, 15:06
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
вчера, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
18 Маусым, 09:23
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
-
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті