Қазақстан халқы Ассамблеясы

04 Ақпан, 2026

7

Астана қаласындағы Достық үйінде этномәдени бірлестіктер активімен Конституциялық реформаны талқылауға арналған кездесу өтті

ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов этномәдени бірлестіктер активінің Конституциялық реформаға арналған кездесуіне қатысты.

Кездесуге республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің, қоғамдық ұйымдардың басшылары мен белсенділері, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңестер мүшелері, ғылыми-сараптамалық қауымдастық өкілдері қатысты.


Талқылау барысында қатысушылар Конституциялық реформаны қолдайтындарын білдіріп, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының елдің тұрақты дамуы үшін маңыздылығын атап өтті.

ҚР Негізгі заңының тұжырымдамалық өзгерістері мемлекеттің адамға бағдарлануын арттыруға, Қазақстан халқының өзекті құндылықтары мен қағидаттарын көрсетуге бағытталғанын, ал бірлік пен ынтымақтастық, этносаралық және конфессияаралық келісім Қазақстан мемлекеттілігінің іргетасы ретінде айқындалғанын ерекше атап өтті.

Маңызды жаңалықтардың бірі ретінде этномәдени және қоғамдық бірлестіктер, өңірлік мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңестер негізін құрайтын мемлекеттің жоғары консультативтік органы - Қазақстанның Халық Кеңесі құрылатыны аталып өтті.


Кейін қарай