07 Маусым, 2024
384
Астана қ. Достық үйінде ҚХА «Мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
А.ж. 7 маусымда Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі М.А. Әзілханов, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ.Н.Шойкин, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері, филология және лингвистика саласындағы сарапшылар, тілтанушылар, мемлекеттік тілді еркін меңгерген түрлі этностардың өкілдері, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдіктерінің мүшелері қатысты.
Іс-шараның мақсаты – Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIII сессиясында айтылған мемлекеттік тілді жан-жақты дамыту жөніндегі тапсырмасын іске асырумен қатар, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және насихаттау.
Айта кету керек, дөңгелек үстел аясында оқыту семинары ұйымдастырылып, оның барысында еліміздің түкпір-түкпірінен қазақ тілін еркін меңгерген әр түрлі этностардың қатарынан жиналған қатысушылар өздерінің тілді үйрену тәжірибесімен бөлісіп, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту бойынша ұсыныстарын ортаға салды, сондай-ақ мемлекеттік тілдің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту әдістерін талқылады.
Семинардың тренерлері танымал медиа тұлғалар мен филология саласындағы сарапшылар болды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА мен әл-Фараби ат. ҚазҰУ арасында меморандумға қол қойылды
-
ҚХА 30 жыл: бірлік, келісім және қоғамға қызмет
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары В. Лукашевпен кездесу өткізді
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Али Балоевпен кездесу өткізді
-
Марат Әзілханов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» қоғамдық жобасының жетекшісі Л.Буларовпен кездесу өткізді
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
8 Қыркүйек, 11:32
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
9 Қыркүйек, 09:14
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
11 Қыркүйек, 22:01
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:54