09 Шілде, 2018
1628
Астана күніне орай мерекелік акция өтті
Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына орай ағымдағы жылдың 6 шілдесінде өңірдегі Т. Рысқұлов атындағы мәдениет және демалыс саябағында Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен этномәдени бірлестіктердің «Асқақ Астана» атты акциясы өтті.
Акцияның басты мақсаты, күні кеше ғана бой көтеріп бүгінде бәйтеректей көкке өрлеген Астана қаласын мерейлі мерекесімен құттықтау және өңірлік этномәдени бірлестіктердің бірлігін, достығын, татулығын, тұрақтылығын арттыру.
Мерекелік шараға ҚХА мүшелері мен этномәдени бірлестік өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары және БАҚ өкілдері қатысты.
Акция барысында өңірлік этномәдени бірлестік мүшелері белсенділік танытып, жиылған жұртшылыққа концерттік бағдарлама ұсынды. Концертте «Әулие Ата» қазақ мәдени орталығы», Жамбыл облыстық «Барбанг» күрділер ассоциациясы, «Айнуры» татар-башқұрт этномәдени қоғамдық бірлестіктері және «Үкілім» би ансамблі өз өнерлерін тарту етті.
Шара барысында Астана қаласының 20 жылдығына орай Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының шығармашылық және қоғамдық жұмыстарына белсене ат салысқан бірқатар этномәдени бірлестік өкілдерінің жастары Алғыс хаттармен марапатталды.
Мерекелік іс-шара Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтарына Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне арнайы әзірленген тортты үлестірумен аяқталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
25 Тамыз, 21:37
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті