03 Шілде, 2015
1143
«Астана – мыңжылдық қала»
Астана күні Батыс Қазақстан облысында кеңінен тойлануда, солардың бірі - облыстық ішкі саясат басқармасының мәжіліс залында Астана күніне орай өткізілген «Астана – мыңжылдық қала» атты дөңгелек үстел. Шараға мемлекеттік органдар мен этно-мәдени орталықтардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жиналғандарға Астана жайлы «Уақыттан озу» атты фильмі көрсетілді. Облыстық ішкі саясат басқармасының қызметкерлері Жамал Ихсанова мен Серік Маметанов қатысушыларға елорданың ел өміріндегі және әлемдік қауымдастықтағы алар орны жайлы пікір айтуды ұсынды.
Этно-мәдени ұйымдардың өкілдері атынан О. Дергачева мен М. Багаутдинов Ассамблея сессияларына барып жүріп өз көздерімен көрген Астананың қалыптасуы жайлы әсерлерін айтты.
М. Өтемісұлы атындағы БҚМУ доценті Тұрар Шайхиев өз сөзінде Астананың мемлекеттің әкімшілік орталығы ғана емес, әлемдік саяси жетекшілердің бас қосатын маңызды орталығына айналғанын айтты.
Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Вячеслав Иночкин Астананың елдің басты символына айналғандығын, әлемге аты танылып, қарыштап дамуын әңгімеледі.
Қатысушылардың назарына Астана жайлы кітап көрмесі ұсынылды.
Жастар шығармашылық орталығында «Еліміздің жүрегі – сен Астана» атты концерттік бағдарлама ұсынылды. Концерттке этномәдени орталықтардың өнерпаздары қатысты. Армян этномәдени орталығының қыздары ән айтып, әзербайжан биін жігіттер орындады, беларус қызы Астана туралы қазақ тілінде ән шырқап берді.
Концертті тамашалауға БҚА ҚХА ның аналар, ақсақалдар кеңестерінің өкілдері, Ресей консулы Ю. Пономарев және ұлттық гвардияның 5517 әскери бөлімінде борышын өтеуші сарбаздар қатысты.
«Қоғамдық келісім» КММ нің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Астананың 20 жылдығына орай өткен «Астана - достық шаңырағы» облыстық форумы
-
«Астана-тәуелсіздік символы» атты фотокөрмесі
-
Астана қаласының 20-жылдығына орай «Астана – Ұлы дала Елордасы» атты мерекелік басқосуының баспасөз парағы
-
«Астана – бейбітшілік және келісім қиылысы» интерактивтік алаңы
-
«Астана – бейбітшілік пен достықтың бесігі» есептік концерті
-
«Астана – бейбітшілік пен достықтың бесігі» есептік концерті
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
сегодня, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті