Қазақстан халқы Ассамблеясы

07 Шілде, 2015

975

Астана құрдастары куәлік алды

Ақтауда Астананың 10 құрдасына жеке куәлік пен бағалы сыйлық табысталды. Шара облыстық халыққа қызмет көрсету орталығында өтті. Оны ұйымдастырушылар облыстың белсенді жастары. Олардың ішінде белгілі боксшы Әділбек Ниязымбетов, Маңғыстау облыстық Жастар ресурс орталығы директорының міндетін атқарушы Ерғали Әнесов пен «Қоғамдық келісім» КММ белсенді қызметкерлері бар.

Мерейлі мерекеге орай ұйымдастырылған жиында ұйымдастырушылар Елорданың құрдастарына куәлік тапсырып қана қоймай, өздерінің жүрекжарды ақ тілегін де айтты. «Бүгін сіздер үшін маңызды күн. Себебі, сіздер жеке куәлік алып жатырсыздар. Сіздерге оқуда озат, ал еңбекте әрдайым алда болуларыңыздың тілеймін», - деді Маңғыстау облыстық Жастар ресурс орталығы директорының міндетін атқарушы Ерғали Әнесов.

Шараға қатысқан елорданың құрдасы Альфия Абызова бұл шараның мәңгі есте қалатынын жеткізді. «Бұл күн біздің мәңгі есімізде қалады. Мен, бүгін Астана күніне орай, жеке куәлік алып жатырмын. Бұл үлкен қуаныш болды. Барлықтарыңызды Астана күнімен құттықтаймын», деді ол.

Бағдарлама соңында жиналғандар естелікке суретке түсіп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Кейін қарай