13 Ақпан, 2019
1345
АСТАНАДА АЛҒАШ РЕТ АРНАЙЫ ҚЫМЫЗ КӨРМЕСІ ӨТЕДІ
1 наурыз – Алғыс айту күнінде Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақ халқына мың алғыс» республикалық форумы өтеді.
1 наурыз – Алғыс айту күнінде Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақ халқына мың алғыс» республикалық форумы өтеді.
Іс-шара аясында алғаш рет емдік қасиеті бар сусын – қымызға арналған көрме қойылады. Барлық ниет білдірушілер Ұлттық мұражайдың тақырыптық экспонаттарын, емдік сусын дайындауға арналған құралдарды тамашалай алады, сондай-ақ ежелгі және қазіргі заманғы технологиялар бойынша дайындалған қымыз бен бие сүтінің дәмін татып көре алады.
Көрме қарсаңында біз оқырманды Ұлы даланың жазығындағы қымыздың пайда болу тарихымен, сусын дайындау технологиясымен, түрлерімен таныстырып, оның емдік қасиеттері туралы айтып беруді жөн көрдік.
Төрт жыл бұрын Қазақстан халқы Ассамблеясының 2015 жылдың сәуіріндегі 22-ші сессиясында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда Алғыс айту күнін атап өтуді ұсынды. Мерекені бұл күні атап өтудің басты себебі – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні. Бұл күні көптеген этнос өкілдері бір-біріне және қазақтарға үлкен ұлттық күйзеліс тудырған заманда тұтас халықтардың күшпен қоныс аударылып, сталиндік қуғын-сүргін және этностардың Қазақстан даласына жер аударылуы кезеңінде төзімділігі мен қонақжайлылығы үшін алғыс білдіре алады.
Мерекенің негіздемелерінің бірі – «Өз тарихыңды ұмытпа және оны мақтан ет». Осы жылы ол Президенттің «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласына үндесіп отырғанын атап өткен жөн болар. Аталмыш мерекеге Астанада Қымыз көрмесі орайластырылып отыр, себебі, қазақтар ежелгі кезде киіз үйінің есігіне тоқтаған жолаушыға ең алдымен қымыз, содан кейін дәм ұсынған.
Дала халықтарында бұл сусын қалай және қашан пайда болды? Оның емдік қасиеттері неде? Бүгінде қымыз өндірісі қандай деңгейде игерілуде?
Бұл туралы біздің материалда келесі сілтеме бойынша толығырақ оқыңыз
Дата события ассамблеи: 13.02.2019
Ұқсас жаңалықтар
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
6 Шілде, 09:06