19 Маусым, 2024
277
Астанада «Ассамблея жастары» белсенділерінің кездесуі өтті
Елордада Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Руслан Желдібайдың «Ассамблея жастары» ұйымы төралқасының мүшелерімен кездесуі өтті.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Президент Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова, Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, сондай-ақ еліміздің барлық өңірлерінен келген «Ассамблея жастары» басшылығы мен белсенділері қатысты.
Іс-шараның мақсаты ҚХА-ның XXXIII сессиясында Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру бойынша идеялар мен тәсілдерді талқылау болды.

Кездесу барысында Президенттің көмекшісі Ассамблея жастарын Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы белгілеген құндылықтарды ілгерілету үшін креативті тәсілдер мен құралдарды белсенді пайдалануға шақырды. Іс-шараның басқа да маңызды бағыттары ауыл этникалық жастарымен жұмыс пен өзара іс-қимылды күшейту, мемлекеттік тілді этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде танымал ету, сондай-ақ Ұйым қызметін жүйелі қолдау мәселелері болды.
Жастардан «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Джумурбаев, Қазақстанның ұйғыр жастар одағының төрағасы Рустам Қайрыев, «Возрождение «қазақстандық немістер қоғамы» қамқоршылық кеңесі төрағасының орынбасары Владислав Вебер, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Ассамблея жастары» өкілдігінің басшысы Дариға Смайылова және Шымкент қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Тимур Казьмин сөз сөйледі.

Ассамблеяның жас белсенділері жергілікті жерлердегі жұмыстары туралы айтып, этносаралық келісім мен қоғам бірлігі саласындағы жаңа жобаларды таныстырды, сондай-ақ этносаралық коммуникацияның жаңа медиа алаңдарын құру жөніндегі өз идеяларымен бөлісті.
Анықтама: Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIII сессиясында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсетуде Ассамблея мүшелерінің ерекше рөлін атап өтті. «Жүректен жүрекке» акциясы ҚХА-ның барлық қоғамдық құрылымдарының, әсіресе жастардың жұмысының жоғары тиімділігі мен үйлесімділігін көрсетті.
«Ассамблея жастары» РҚБ Мемлекет басшысы – Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының бастамасымен 2021 жылғы қыркүйекте Ассамблея Кеңесінің кеңейтілген отырысында айтылғаннан кейін құрылды.
Аз уақыт ішінде ұйым еліміздің көрнекті жастар ұйымына айналды, оның қатарында бүгінде Қазақстанның барлық өңірлеріндегі өкілдіктерінен 9 мыңнан астам белсенді мүшесі бар.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада ҚХА Журналистер клубының конституциялық реформаны қолдауға арналған отырысы өтті
-
Астанада ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысы өтті
-
Астанада ҚХА Аналар кеңесінің жаңа Конституция жобасына арналған республикалық дөңгелек үстелі өтті
-
Астана қаласындағы Достық үйінде этномәдени бірлестіктер активімен Конституциялық реформаны талқылауға арналған кездесу өтті
-
Алматыда ҚХА 30 жылдығына және Ш. Айтматовтың 97 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық конференция өтті
-
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының Шығармашылық ұжымдары қауымдастығының Арт форумы өтті
9 Ақпан, 17:40
Астанада ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысы өтті
5 Ақпан, 17:24
Астанада ҚХА Аналар кеңесінің жаңа Конституция жобасына арналған республикалық дөңгелек үстелі өтті
9 Ақпан, 18:31
Астанада ҚХА Журналистер клубының конституциялық реформаны қолдауға арналған отырысы өтті
5 Ақпан, 18:45
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов ҚХА активімен кездесті
4 Ақпан, 18:08