26 Ақпан, 2019
1268
Астанада Қазақстан этностарының тілдерін оқыту мен дамытуға арналған әдістеменің тұсауы кесілді
Астанадағы №70 мектеп-лицейде «Тілдік әралуандық арқылы – қоғамдық келісім және ел бірлігіне» атты этнолингвистикалық мектеп директорларына арналған әдістемелік семинар өтті.
Оның жұмысына елордалық этнолингвистикалық кешендерінің директорлары мен оқытушылары, Білім беру бақармасының, М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының және астаналық ҚХА Хатшылығының өкілдері қатысты.
Семинарды ашқан Астана қаласының ҚХА Хатшылығының бас маманы Гүлнәр Тайгокова Қазақстан көп этносты және көпконфессиялы қоғам бола тұрып, азаматтық бастама, ортақ тарихи тағдыры мен қазақ халқының тұғырлы рөлі негізінде біріккен бірегей жалпыға ортақ гүлденген мекенге айналғанын атап өтті.
Семинар барысында ҚХА Ғылыми-сараптама кеңесінің мүшесі Н. Шаймерденова сөз сөйлеп, «Қазақтану» ҚХА мәдени-танымдық жобасы Қазақстандағы барлық этностардың жалпы қазақстандық ұлттық бірегейлігін нығайтуға бағытталған рухани біріктіруші күш болатын, қазақ халқының басты адамгершілік принциптері мен мәдени феномендерін ашуға, таратуға және қабылдауға бағытталғанын айтып өтті.
М. Өтемісов атындағы оқушылар сарайы директорының орынбасары З. Хазимуллина «Қазіргі заманғы оқыту - тиімді оқытудың негізі ретінде» оқу әдістемесін ұсынды. Аталған әдістеме Қазақстан этностарының тілдерін оқыту және дамытуға, мәдениетаралық коммуникация дағдыларын қалыптастыру, толеранттылыққа тәрбиелеу, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру мен қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу мақсаттарын көздейді.
Әдістемелік семинар барысында этнолингвистикалық мектеп оқушыларының алдағы білім беру бағдарламалары, сонымен қатар «Қазақтану» ҚХА мәдени-танымдық жобасын жүзега асыру барысы талқыланды.
Аталған іс-шара Алғыс күніне арналған «Менің Қазақстаным – республикам менің» атты неміс этнолингвистикалық мектебінің ашық сабағынан көрініспен аяқталды.
Дата события ассамблеи: 26.02.2019
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты