Қазақстан халқы Ассамблеясы

14 Қараша, 2025

37

Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

2025 жылғы 14 қарашада Астана қаласының Достық үйінде ҚХА-ның 30 жылдығын қорытындылауға арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Отырысқа ҚХА төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ҚХА кафедрасының меңгерушісі, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесі төрағасының орынбасары Наталья Калашникова, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ректоры, ҚХА Атырау облыстық Ғылыми-сарапшылық тобының төрағасы Саламат Идрисов, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры Әлия Масалимова, сондай-ақ Ғылыми-сарапшылық кеңес пен өңірлік ғылыми-сарапшылық топтары өкілдері қатысты.

Қатысушылар ғылыми-сарапшылық қызметті одан әрі дамыту бағыттарын, бірлік пен этносаралық диалогты нығайту, сондай-ақ жастарды ғылыми және талдамалық бастамаларға тарту мәселелерін талқылады.

ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов өз сөзінде отырысқа қатысушылардың ұсыныстары мен ұсынымдары Ассамблея жұмысының тиімділігін арттыруға, қоғамдық келісімді нығайтуға және елдегі этносаралық өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға ықпал ететінін атап өтті. Ол бірлік пен толеранттылық құндылықтарын ілгерілету үшін ғылыми қоғамдастық пен қоғамдық институттардың күш-жігерін біріктірудің маңызын атап өтті.

Іс-шара ҚХА-ның ғылыми-сарапшылық әлеуетін нығайтуға, жас ғалымдардың бастамаларын қолдауға және Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің қызметін жетілдіруге бағытталған.

Кейін қарай

Ең оқылымды