26 Қараша, 2025
104
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойлық жылының қорытындыларына арналған Республикалық форум өтті
2025 жылғы 26 қарашада Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын қорытындылауға арналған «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» атты республикалық форумы өтті. Бұл шара ҚХА мерейтойлық жылын қорытындылауға арналған негізгі алаңға айналды.
Форум жұмысына Ассамблеяның құрылымдық бөлімшелері, этномәдени бірлестіктер, жастар ұйымдарының жетекшілері және өңірлік ҚХА өкілдері қатысты.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов барлық құрылымдардың үйлесімді әрі ұйымдасқан жұмысының арқасында елде ауқымды шаралар өткізілгенін атап өтті. ҚХА жұмысы аясында 10 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылып, 1 миллионнан астам азаматтың қатысуы қамтылды.
Өз сөзінде спикер этномәдени бірлестіктердің маңызды мерейтойларын атап өтіп, Ассамблея белсенділерінің, ардагерлердің, жастар мен волонтерлік ұйымдарының, сондай-ақ меценаттардың ҚХА бастамаларын жүзеге асырудағы үлесін ерекше атап көрсетті.
Телекөпір форматында өңірлер мерейтойлық жылдың жұмыс нәтижелері мен үздік тәжірибелерін таныстырды. Үздік жобалардың қатарында – Аналар кеңесінің «Жасыл сертификат» жобасы және Ақсақалдар кеңесінің «Адал азамат» жобасы бар. Олар әлеуметтік мәселелерді шешуге, отбасы құндылықтарын нығайтуға және жауапты азамат қалыптастыруға бағытталған.
Іс-шара аясында жобалардың жетекшілері мен өңірлік ҚХА жаңа ауқымды бастамалардың іске асырылу барысын таныстырды, олар қоғамның қазіргі қажеттіліктеріне жауап береді. Мысалы, «Еңбеккерлер Ассамблеясы», «Жеңіс бірлікте», «Инклюзивті Ассамблея», «Шығармашылық шешімдер платформасы», «Елтану», «ҚХА-ның 50 жас көшбасшысы» және басқа жобалары.
Жиын барысында «Ассамблея жастары» жұмысына ерекше көңіл бөлініп, олардың қазақстандық этноәлеуметтік келісім моделін халықаралық алаңда ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде таныстырылғаны атап өтті. Сондай-ақ Студенттік Ассамблеялардың жұмысының нәтижелері көрсетіліп, олардың елдегі 100 колледж бен жоғары оқу орындарында ашылып жатқаны баяндалды.
Бірқатар өңірлер мерейтойлық жылы жастарды қоғамдық өмірге белсенді тарту үшін ашылған жаңа комьюнити-орталықтарды таныстырды.
Форумда ҚХА-ның Медиация кеңесінің, Жас ғалымдар клубының, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің, «ҚХА академиясы» білім беру жобасының және ҚХА Журналистер клубының жұмыс қорытындылары таныстырылды. Бұл жұмыс барысында этносаралық қатынастарды нығайту бағытында мамандар даярлаудың және оны іс жүзінде қолданудың толық жүйесін қалыптастыруға пайдасын тигізді.
«Жомарт жан» орталықтарының қайырымдылық қызметінің нәтижесінде атаулы жылы жалпы сомасы 300 миллионнан астам теңгені құрайтын 476 жоба жүзеге асырылды. Жобалар аз қамтылған отбасылардың балаларына, төтенше жағдайдан зардап шеккендерге көмек көрсетуге және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.
Форум барысында өңірлердегі 36 Достық үйін толықтыратын 3 жаңа Достық үйінің құрылыс барысы жөнінде бейнематериалдар көрсетілді. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасымен 4 өңірде құрылған жаңа аудандық Ассамблеяның жұмысы туралы ақпарат ұсынылды.
Ассамблея ардагерлері ҚХА-ның 30 жыл бойы дамуына қосқан үлесі үшін лайықты құрметке ие болды. Форум аясында олардың қызметіне арналған кітаптың тұсаукесері өтті. Бұл бейбітшілік, келісім және бірлік жолында еңбек еткендерге құрмет пен алғыс.
Республикалық форум мерейтойлық жылдың қорытынды алаңы болып, Қазақстанда қоғамдық келісімді, азаматтық және этносаралық бірлікті одан әрі нығайтуға арналған жаңа бағыттарды белгіледі.
Ұқсас жаңалықтар
-
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі «Бірлігіміз - әралуандықта» тұжырымдамасын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды
-
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі «Бірлігіміз – әралуандықта» тұжырымдамасы бекітілді
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М. Әзілхановтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
-
Алматыда ҚХА 30 жылдығына және Ш. Айтматовтың 97 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық конференция өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Студенттік Ассамблеялардың I республикалық форумында жастардың басын қосты
Ұқсас жаңалықтар
-
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі «Бірлігіміз - әралуандықта» тұжырымдамасын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды
-
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі «Бірлігіміз – әралуандықта» тұжырымдамасы бекітілді
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М. Әзілхановтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
-
Алматыда ҚХА 30 жылдығына және Ш. Айтматовтың 97 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық конференция өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Студенттік Ассамблеялардың I республикалық форумында жастардың басын қосты