21 Қыркүйек, 2018
972
Астанада еуропа мәдениетінің күнін атап өтті
Астанада өткен бейсенбіде елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Этнос күні шеңберінде Еуропа мәдениеті күні ұйымдастырылып өткізілді.
Фестиваль Қазақ музыкалық драма театрының қойылымымен ашылды. Бұл ретте Аполлон, Трубадур, Терпсихора мен Мельпомена көрермендерді өнер әлеміне терең бойлатып, шеберліктерімен көпшілікті тәнті етті.
Астана қаласындағы этномәдени бірлестіктер арасынан «Возрождение» неміс қоғамы» «Алеф» еврей мәдени-ағарту және қоғамдық-саяси» қоғамдық бірлестігі, «Поляк» қоғамдық бірлестігі мен «Злата» болгар этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдары да өз өнерлерін орта,а жайып салды.
Фестиваль бағдарламасына сәйкес, поляк, болгар және неміс әндері шырқалып, жұртшылық тарапынан өнерпаздарға жылы лебіз білдірілді. Ежелгі және қазіргі эстарадалық әндерді орындап шыққан «Шпете Блюмен» және «Цветанка» вокальды ансамбіліне де көпшіліктің ықыласы ерекше болды.
Попурри сарынымен скрипкашы Мусахан Турунтаев еврей әндерін орындады. Ал поляк қоғамдық бірлестігі атынан шыққан жас өрендер өздерінің өнерлерімен келушілердің көңілін баурап алды.
Сонымен бірге, бейбітшілік пен қайырымдылыққа негізделген Этнос күнінің дәстүрлі нышаны «Ізгі тілек ағашын» этномәдени бірлестіктер игі тілектерімен безендірді.
Елордалық этностардың мәдениетін жан-жақты ашып көрсететін «Этнос күні» жыл ішінде бірнеше іс-шаралар кезеңін қамтып өткізілетінін атап өткен жөн.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті